Просмотры 6,895

       

                                                                                                                

ВЕБИНАР

Құрметті университет оқытушылары мен жас ғалымдары!

2025 жылдың 15 мамыр күні  сағат 15:00-де  ҚР ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА   арналған  ЖАҢА ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ БАЙҚАУЫНА  қатысу       мүмкіндіктері туралы  СЕРТИФИКАТТАЛҒАН вебинар өтеді!
Тіркелу мына сілтеме бойынша:  https://ipr-vebinar.ru/edp-globalscicall-2025
Жауапты тұлға: Гульжауар Бикжанова -“EDP Hub” (Алматы) Халықаралық Баспа  және IPR MEDIA (Москва) маманы
WhatsApp: +7 917 989 86 86
Почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Вебинарға  қатысу ТЕГІН!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді , 2025 жылы жаңа түскен республикалық және ресейлік мерзімді басылымдармен танысуға Кітапханалық-ақпараттық орталыққа келуге шақырамыз!   Мұнда сіздер әр салалар бойынша  соңғы жаңалықтармен таныса аласыздар: экономика, тамақ өнеркәсібі, педагогика, гуманитарлық ғылымдар, химия өнеркәсібі, техникалық ғылымдар және т.б.
                                                Келіңіздер! Танысыңыздар!
  Мекен-жайымыз: КАО, №2 оқу залы (2.1 тех.кешен) 
  Кітапхана сайты:   http://lib.dulaty.kz/

9 мамыр - Жеңіс күні!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
   Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! Отан үшін от кешкен аталарға тағзым етеміз!