ВЕБИНАР!

Образовательные модули IPR SMART - в тестовом доступе | Научная библиотека  Томского государственного университета

Тақырып: Доступные знания: ЭБС IPR SMART как инструмент для инклюзивного образования
Күні: 22.01.2025
Уақыты: 12.00 
Тіркелу сілтемесі: https://zoom.us/meeting/register/tJAkdeCvrDMtGtTeBcZ6bW_S2NGp8CsgqXXH 

Тақырып: Совместные сетевые программы: Как эффективно сотрудничать с IТ-компаниями и внедрять онлайн-модули
Күні: 28.01.2025
Уақыты: 12.00 
Тіркелу сілтемесі: https://zoom.us/meeting/register/tJcqc-qvqjkjHtzK2B7lQUJo25m05VjjTzUV 

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2025»  АКЦИЯСЫ

   Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.
   Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
   Жоба аясында осы жылдар ішінде мыңдаған түрлі форматта кездесулер, көрмелер, жаңа технологиялық ақпараттар арқылы виртуальды көрмелер, сайттар, челлендждер, байқаулар ұйымдастырылып, оған миллиондаған аудитория тартылды. Құрамында елімізге белгілі ақын-жазушылар мен журналистер, кітапханашылары бар акцияның ұйымдастыру комитеті жылда отырыс өткізіп, өңір кітапханаларынан келген ұсыныстар мен оқырмандардың талғамын ескеріп, қазақ әдебиетінде есімі ұмытылып бара  жатқан немесе мерейтойы тұспа-тұс келетін қаламгер шығармасын жыл бойы ел болып оқуға таңдайды.
   2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең  таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келді.
   2025 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау барысында комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды, облыстық кітапханалар, оқырмандар және зиялы қауым өкілдері ұсынған шығармалар мен авторлар ескерілді. Оның ішінде биылғы Жеңістің 80 жылдығына орай майдан тақырыбына қалам тербеген авторлардың шығармалары, биыл мерейтойлары аталып өтетін қазақ қаламгерлерінің туындылары және барлық жастағы оқырмандардың сұранысын қанағаттандыратын кітаптар мен кітап авторлары ұсынылды. 

Оқуды жалғастыру

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді "Access Engineering" платформасының мазмұны мен жұмысы бойынша вебинарға шақырамыз. Іс-шарада McGraw Hill компаниясының жаттықтырушысы Access Engineering студенттер мен оқытушыларға оқу процесі мен зерттеу жұмыстарына қалай көмектесетіні туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
   - 23 қаңтар сағат 15.00-де
   Тіркелу сілтемесі:
   https://maholding-ch.zoom.us/meeting/register/kBc5gVJORl6O6rF6CW-oLQ