Просмотры 6,791

       

                                                                                                                

1 Мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті достар!

               Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының достығы   және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

    Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен   патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
  Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып    табылады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа  кенелсін!

 

Ұлы Жеңіске - 80 жыл

  Батырдың ерлігі -  ұрпаққа өнеге

          2025 жылдың 24 сәуірінде Кітапханалық-ақпараттық орталық  пен «Филология және журналистика» білім бағдарламасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы оқылып, қызу талқыланды.   Іс-шараның мақсаты -  жастарды кітап оқуға баулып, патриоттық сананы қалыптастыру, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту.
   «Москва үшін шайқас» романы - қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма, әскери мемуар.
   Іс-шара Жеңіс саябағында «Даңқ» залында өтті. Іс-шараның қонағы – Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл батырдың ерлігі жайында танымды әңгімелерімен бөлісті. 
   М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті “Бауыржантану” орталығының аға-ғылыми қызметкері Найзабаев Әлімбай Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын студенттерге қызықты етіп, мазмұнын ашып берді. «Автор ащы да ауыр өмір шындығын жасырмайды. Мұнда ойдан шығарылған оқиғалар немесе ойдан шығарылған кейіпкерлер жоқ. Бұл адамның көз алдында болған оқиғаларды өз көзімен көргені, не болғаны туралы шығарма»-деп ойын түйіндеді.
   Өз кезегінде студенттер аса қызығушылық танытып, өздері де кітап жайлы ойларын бөлісіп, сұрақтарына жауап алып отырды.  «Филология және журналистика» білім бағдарламасының 2 курс студенті Әкімжан Қуанышбекұлы «Москва үшін шайқас» романынан үзіндіні   сарбаз образында аса тербеніспен  оқыды. Барша қауым шайқас  кезеңін көз алдарына елестеткендей болды.
         Іс-шара өте тартымды әрі қызықты өтті.

23 сәуір-Ұлттық кітап күні

   «Ғайни ақынның әлемі»

    М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында  «23-сәуір-Ұлттық кітап күніне» орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «#КітапОқыТрендтеБол»  атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шара барысында   халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ақпарат саласының үздігі, ҚР мәдениет саласының үздігі, «100  қайраткер әйел» анықтама-энциклопедиясына енген Ғайни Әлімбекқызының студенттермен  «Ғайни ақынның әлемі»  атты әдеби кеш өтті.

Оқуды жалғастыру