ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті   Технологиялық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және
 студенттері!

   Кітапханалық – ақпараттық орталық Сіздерді, №2 оқу залы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедра күндеріне» шақырамыз!
  -2025 жылдың 22-30 қыркүйек аралығында «Ақпараттық жүйелер», «Автоматизация және телекоммуникация», «Қолданбалы информатика және бағдарламалау», «Қолданбалы математика және физика» кафедраларына;
  -2025 жылдың 06-28 қазан аралығында «Тамақ өндірісі және биотехнология», «Текстиль, материалтану және стандартизация», «Дизайн және сән индустриясы», «Химия және химиялық технология» кафедраларына.
   Іс-шараның мақсаты - білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныстыра отырып, кітапхана сайтының  https://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат беру.               
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.                          
    Өтетін орны: №2 оқу залы (2.1-тех.кешені, 2-қабат).
    Уақыты: 9.00-17.00 сағ.