Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Эпиграф

  2021 жылдың 5-ші қарашасында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың гидро кешенінде (6.1 №8 оқу залы) «Экономика және құқық» факультеті, «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының кафедра меңгерушілері мен профессорлық - оқытушылар құрамы қатысуымен «Цифрлық білім беру – әлемдік тренд» атты «Эпиграф» баспасының семинар тренингі өтті.

   Семинар қатысушыларына мультимедиялық электрондық оқулық пен электрондық мәліметтер қорларына тіркелу жолдары, қолдану тәсілдері көрсетілді. Оқытушыларға оқу процесінде мультимедиялық электрондық оқулықтарды апробациялау арқылы студенттермен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.