Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл!

Құрметті оқырмандар!

   Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы құтты болсын! Бұл маңызды тарихи күн — еліміздің құқықтық негіздерінің қалыптасқанын және демократиялық жолда нық қадам басқанын білдіреді.
   Конституция — халқымыздың бірлігінің, әділеттіліктің және бейбіт өмірдің кепілі. Осы құжат арқылы елімізде адам құқықтары мен бостандықтары сенімді түрде қорғалуда.
   Баршаңызға амандық, бейбітшілік, Қазақстанның гүлденуіне жаңа жетістіктер тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

ХАБАРЛАМА

Дулати университетіне арналған CNIK деректер базасына қол жеткізу

    Құрметті университет оқытушылары, студенттері және қызметкерлері! Дулати кітапханасы 2025 жылдың 31 қазанына дейін CNIK (Қытай ұлттық білім инфрақұрылымы) электронды деректер базасына тегін қол жеткізудің ашық екенін қуана хабарлайды.

CNIK – ғылыми жарияланымдардың ең үлкен толықмәтінді дерекқорларының бірі, оның ішінде:

  • жетекші ғылыми журналдардағы мақалалар,
  • Диссертациялар мен баяндамалар,
  • Конференция материалдары,
  • Статистикалық анықтамалық ресурстар.
        Қолжетімділік университеттің барлық пайдаланушылары үшін ашық және оқу және ғылыми-зерттеу процесін халықаралық деңгейдегі заманауи материалдармен байытуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл ресурсты пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз - қол жеткізу мерзімі 31 қазанға дейін шектелген!

https://www.cnki.net

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!

   Конституция - кез келген мемлекеттің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтары мен адам құқықтары және бостандықтарын белгілейтін негізгі құжат. 1995 жылдың 30-тамызында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басты. Аталған күннен бастап тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған, жасампаздықтың жаңылмас жаршысы болған Конституция мемлекет пен қоғам өміріндегі барлық құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, мемлекеттің жедел дамуының бастауына айналды. Кітапханалық-ақпараттық орталық мерекеге орай «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры!» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады. https://www.calameo.com/read/006396347a112ab9b32b0