2022 жылдың 21 қыркүйегінде Кітапханалық - ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Шерхан Мұртазаның 90-жылдығына орай, КЯ-22-3 тобының 1курс студенттерімен бірлесе отырып «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби алаң өткізілді.
Қазақ тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, шындықтың шырақшысындай болған шерлі аға, шері ағаның биыл туғанына – 90 жыл. Оның қаламынан шыққан қай туындысын алсаң да, тарихты танытып, бірлігінің беки түсуі мен қажетті кезде келеңсіздікке қасқайып қарсы тұра білуге үйретеді. Ашаршылық пен аяусыз атып-жоюдың ащы дәмін татқан Шерхан Мұртаза Тәуелсіздікке дейін де, еркіндікке қол жеткеннен кейін де қазақтың жоғын жоқтап, намысын қамшылаған қайтпас тұлға болды.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті «Ұстаз» институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары және жас ғалымдары!
Сіздерді 2022 жылдың 03.10-07.10 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залы ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен таныса аласыздар.
Өтетін орны: педагогикалық кешен (5.2), 6-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)
КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті «Технологиялық» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары және жас ғалымдары!
Сіздерді 2022 жылдың 27.09-03.10 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залы ұйымдастырып отырған «Ақпарат апталығына» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен таныса аласыздар.
Өтетін орны: технологиялық кампус, 2-қабат, 2-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)
КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!
Қазақша
Русский
English