Яндекс.Метрика

                                                                                                                

БІР ЕЛ-БІР КІТАП-2023

«ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ПЫРАҒЫ»

      Ағымдағы жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызында «Кітапханалық–ақпараттық орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ПЫРАҒЫ» тақырыбында ашық сұхбат алаңы өтті.
       Дәстүрлі түрде жүзеге асатын «Бір ел-бір кітап» акциясы биыл қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналып отыр.

       Проза пырағына баланған Т.Әбдіктің «Парасат майданы».» Оң қол», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Бас сүйек», «Қонақтар», «Жат перзент» сынды шығармаларын жарыса талдаған оқырмандар автордың шығармашылығындағы «жалғыздық» философиясына үлкен мән берді.
      Санада сілкініс тудырып, өмірдің қөлеңкелі тұстарын авторлық тұғырнамасында анық көрсете білген жазушының стилі оқырман қауымының таңдауын еселей түсті.
        «Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен –кітапхана» деген Әбіш Кекілбаевтың сөзіне дөп келген ашық сұхбат алаңы университеттің №5 оқу залында өтті.
       Іс-шара қонағы «125 education» ЖШС орта мектебінің қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі, жас қаламгер, бірнеше әңгімелердің авторы Ерлан Керімжанұлы студенттермен жазушы шығармалары жайлы ой бөлісті.
       Ой көкпарын өзіндік тұжырыммен көзқарасын білдірген бір топ студенттер арнайы алғыс хатпен марапатталды.