Құрметті оқырман қауым !
Сіздерді республикалық "Бір ел-бір кітап " акциясы аясында "Ұлттың ұлы ұстазы " тақырыбында өтетін ашық сұқбат алаңына шақырамыз.
Өтетін орын: 4.1 корпус, №5 оқу залы
Күні: 15.03.2022 жыл
Уақыты: 11:00
Құрметті оқырман қауым !
Сіздерді республикалық "Бір ел-бір кітап " акциясы аясында "Ұлттың ұлы ұстазы " тақырыбында өтетін ашық сұқбат алаңына шақырамыз.
Өтетін орын: 4.1 корпус, №5 оқу залы
Күні: 15.03.2022 жыл
Уақыты: 11:00
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер. Жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін.
Өлеңдерімен өмір сырын ақтарған тарлан ақын Төлеген Айбергенов тірі болса 85 жасқа толар еді. «Бір тойым болатыны сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта алмаймын» деп жырлаған Төлеген ақын көзінің тірісінде бір тойын көре алмады. Бірақ осы жыры арқылы мәңгілік тарқамайтын бір тойының боларын алдын ала сезгендей.
Қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі, талантты ақыны Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл толуына орай Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем және сирек әдебиеттер секторы, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы және әдеби-шығармашыл жастары наурыз айының 4 жұлдызында, ГӘҒФ – кешенінің №1 оқу залында «Жан едің өлең үшін дара туған» атты ән-жыр кешін ұйымдастырды.