<"Метрика"

       

                                                                                                                

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Құрметті оқырман!

  Сіздерді, 25 қазан –«Қазақстан Республикасы күні» мерекесіне  және 22 қазан – Кітапханашылар күніне  орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Кітапханалық-ақпараттық  орталығының «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2022» атты  УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА ДЕКАДАСЫНА шақырамыз. БАҒДАРЛАМА
   Күні: 11.10-22.10.2022ж
  Өтетін орны: Технологиялық кешені, Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2 қабат, №2 оқу залы

Дәуірдің дара тұлғасы

   2022 жылдың 5-қазанында  Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының жетекшісі Кабазова Нұргүл Сапарғалиқызының  және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс студенттері мен топ  кураторы химия магистрі Мамешова Саят Әлішерқызының ұйымдастыруларымен қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар  Әуезовтің  туғанына 125-жыл толуына орай «Дәуірдің дара тұлғасы»  атты әдеби-танымдық кеш өтті. Аталған іс-шара Кітапханалық-ақпараттық орталығының коворкинг залында ұйымдастырылды.
      Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Абай жолы» роман – эпопеясымен таныстыру. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.

Оқуды жалғастыру