23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

        Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік кітап күніне орай «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» атты ашық микрофон іс-шарасы өтті.
        23 сәуір – әлем әдебиеті үшін атаулы күн. Кітап пен сөзге деген сүйіспеншілікте, шын мәнінде шек жоқ. Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Іс-шара кітап пен авторларға деген құрметтің және кітап оқуды насихаттаудың жарқын көрінісі болып табылады. Бұл мереке жаңа технологиялар ғасырында кітаптың қашанда көшбасшылық орында тұратынын, ал кітап оқу - адам жан дүниесіне рухани байлық сыйлайтынын айқындайды.
        Мерекелік шараны Дулати университеті Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет құттықтау сөзбен ашты. Техниканың заманында кітап – білімге үйрететін ең төзімді ұстаз екенін алға тартты.
       Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігер – кітаптардан көрме ұйымдастырған кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры Гүлжан Иржанова ғылыммен айналысатын студенттер үшін барлық жағдай жасалынғанын айтып, әр білімгер өз қажеттілігін кітапханадан алатын болса міндеттің орындалатынын жеткізді.
         Кездесу соңында студенттер өздеріне ұнаған кітаптар туралы ой бөлісіп, «Өмірімді өгерткен кітап!» атты Bookdating акциясын өткізді. Кітап оқуды әдетке айналдырайық деп өз кітаптарын достарымен алмастырды. Ашық микрофон, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Мұқағали Мақатаев медальінің иегері Нұржан Қадірәлімен қызықты сұхбатпен жалғасты. Сонымен қатар, оқырмандар назарына кітапхана қорының асыл қазынасы - сирек кітаптардан тұратын тартымды да мазмұнды кітап көрмесі ұсынылды.
        Өткізіліп отырған іс-шаралар жастар арасында кітапқа деген қызығушылығын арттырады деген сенімдеміз.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні.

      23 сәуір -Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні - әлем әдебиеті үшін өте маңызды күн.Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге, интеллектуалдық еңбек туындыларын қорғауға шақырады.
     Авторлар, баспагерлер, мұғалімдер, кітапханашылар және кітап ісімен айналысатын әрбір адам Кітап күнін өздерінің мерекесі деп санайды. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде кітап жәрмеңкелері мен көрмелер ұйымдастырылады.
     Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығы өз тарапынан осы мерекеге белсене атсалысуда. Жыл сайын Кітап күніне орай университет түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Соның бірі кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, оқуға шақырудың жаңа форматында өтетін «#Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!»  «#Хочешь изменить мир- начни с себя!» атты ашық микрофон (6.1 гидро кешені, Сәтпаев көш.,28, №8 оқу залы).

Оқуды жалғастыру

Университетте ғылым күні

   12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні аясында -   Дулати университетінің ғылым қайраткерлерін, жас ғалымдар мен  ізденуші студенттерді  ғылымға деген құштарлығын, белсенділігін, ғылымға қосқан үлестерін, еңбектерін  дәріптеу мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықта  «Университетте ғылым күні» іс-шарасы өткізілді.

Оқуды жалғастыру