Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін дәріптеу және жастарға патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының (гидрокешен 6.1) қызметкерлері және "Жерге орналастыру және кадастр" кафедрасының оқытушысы Нұралы Жазира бастаған СШжТҮ институтының 6В07311- «ЖКжЖМБ» мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесіп «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында еліміздің Тәуелсіздікке жетудегі 1986 жылғы 16-шы желтоқсанда болған оқиға, елім жерім деп ұраңдатқан жастар, алаңда орын алған оқиғалар, оқиға құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова туралы студенттер ойларымен бөлісіп, ата-бабамыздан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін, тәуелсіздік жолында қазақтың біртуар жастарының ерлігіне, каһармандығына бас иіп, құрмет көрсетті.
Кітапхана өз тарапынан «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына - Желтоқсан оқиғасы, Еліміздің Тәуелсіздігі туралы баяндалған әдебиеттерді ұсынды.
Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!
Халықаралық студенттер күні!
Құрметті студенттер!
Сіздерді, Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз! Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Сіздер еліміздің тарихына ұласқан жаңа елдің жалғастығын сабақтаған жастарысыздар! Ал біз үшін - өздеріңіздей ойы ұтқыр, білімі дара, қадамы нық, ісі орайлы, әртүрлі салада көш бастап, озат шыққан талантты студенттермен жұмыс жасау ерекше мақтаныш! Алдағы күндеріңіз тек қуаныш пен студенттік өмірдің бақытты да қызықты күндеріне толы болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін, жалындаған жастық шақ, студенттік өмір тек бақытты сәттерімен ғана есте қалсын!
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті «Экономика және құқық» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!
Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 2022 жылдың қараша айының 21-30 аралығында сағ.10:00-17:00 "Кафедра күндеріне" шақырады. Оқу залының қорындағы жаңа түскен кітаптармен және электрондық сайттармен таныса аласыздар.
Мекен-жайымыз: Технологиялық кешеннің 6-корпусында орналасқан «Экономика және құқық» факультетінің №4 оқу залы.
Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер! Қатысыңыздар! Танысыңыздар!
Қазақша
Русский
English