<"Метрика"

       

                                                                                                                

Құрметті оқырман қауым!

   

   

 

   Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!   
   Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!   
   Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

 

Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы.

   Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №10 Түнгі оқу залында Тәуелсіздік күніне орай 2022 жылдың 13-желтоқсанында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің 1-курс студенттерімен «Желтоқсан оқиғасы-тәуелсіздік бастауы» атты желтоқсан оқиғасының куәгерімен кездесу - кеш өтті. Кештің қонағы – ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Мақашов Бақытжан Маханұлы.

Оқуды жалғастыру

Тұғыры биік-Тәуелсіздік

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін дәріптеу және жастарға патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының (гидрокешен 6.1) қызметкерлері және "Жерге орналастыру және кадастр" кафедрасының оқытушысы Нұралы Жазира бастаған СШжТҮ институтының 6В07311- «ЖКжЖМБ» мамандығының 2 курс студенттерімен  бірлесіп  «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өткізілді.
    Іс-шара барысында еліміздің Тәуелсіздікке жетудегі 1986 жылғы 16-шы желтоқсанда болған оқиға, елім жерім деп ұраңдатқан жастар, алаңда орын алған оқиғалар, оқиға құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова туралы студенттер ойларымен бөлісіп, ата-бабамыздан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін, тәуелсіздік жолында қазақтың біртуар жастарының ерлігіне, каһармандығына бас иіп, құрмет көрсетті.
      Кітапхана өз тарапынан «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына - Желтоқсан оқиғасы, Еліміздің Тәуелсіздігі туралы баяндалған әдебиеттерді ұсынды.
      Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!