Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ!

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕҢСЕРГЕН 30 ЖЫЛЫ

   Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін нақтылайтын маңызды белес.
   Кітапханалық-ақпараттық орталық  өз тарапынан осы атаулы күнді көптеген іс-шарамен  атап өтуде. Айта кетсек, №2 «Білімгерлер үйінде» орналасқан №6-11 түнгі оқу залында 13 желтоқсан күні «Егемен елдің еңсерген 30 жылы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кеш барысында жатахқанада жатып оқитын "Су шаруашылығы, экология және құрылыс" институтының 1 курс студенттері Тәуелсіз Еліміздің алтынмен жазылған 30 жыл тарихына көз тастап, өз ойларымен бөлісіп, Желтоқсан құрбандарының ерлігі ерекше орын алатындығын атап өтіп, бүгінгі жетістіктерге тоқталып өтті.
   Сонымен қатар, «Егемен елдің еңсерген 30 жылы» атты кітап көрмесі оқырмандардың назарына  ұсынылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ!

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кітапханалық-ақпараттық орталығы және «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың желтоқсан айының 9 жұлдызында, ГӘҒФ кешені, № 1 оқу залында  әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбиірбек Тінәлиевпен «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІНІҢ АЗАТТЫҒЫ»  атты кездесу кеші өтті.

Оқуды жалғастыру