Яндекс.Метрика

                                                                                                                

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ!

  Құрметті оқырмандар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
  Осы салтанатты күні баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз. Біздің Отанымыз, Қазақстан Республикасы әрқашан гүлдене берсін.

ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР

   Қазақ еліне белгілі тұлға, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға өзінің лайықты үлесін қоса білген қайраткер, есімін әлем таныған академик-ғалым Марс Үркімбаевтың рухын тербетіп, артынан лескен жас ұрпақ ғалымдар атын асқақтату мақсатында 2021 жылы 26 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде М.Ф.Үркүмбаевтың «VI Үркімбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның ашылу рәсімінің аясында, кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Марс Фазылұлы Үркімбаев- өмірдің барлық көріністерінде өзінің өмірге деген құштарлығымен, жан-жақтылығымен, өмірлік бай тәжірибесімен бөлісе білген тұлға екендігін айқындайтын 100-ден аса деректер, материалдар, фотосуреттер, ғылыми еңбектері қонақтар назарына ұсынылды.