Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бауыржан Момышұлы

Құрметті оқырмандар!

    Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залында 2021 жылдың 24 желтоқсанында батырдың 111 жылдығына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі әлемге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты ашық микрофон өтті. Іс-шараға Дулати университетінің Бауыржан есімді оқытушылары мен қызметкерлері, студенттері қатысты.
    Мақсаты – батыр Бауыржан Момышұлының ісін, еңбегін насихаттау, жастар арасында батырдың ерлігін дәріптеу. Іс – шараны университетіміздің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев жүргізіп, Бауыржан Момышұлы туралы қызықты әрі мағыналы ақпараттармен бөлісе отырып, тың деректерді тілге тиек етті. «Бауыржантану» Ғылыми – зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Н. Әлімбай даңқты батыр туралы бұрын шыққан 30 томдық шығармаларының жалғасы 31 және 32 томын таныстырса, журналистика мамандығының 1-курс студенті Әуесбек Анар «Қаһарман батыр» атты өз туындысын оқыды.
     Кітапханалық-ақпараттық орталықтың библиографы Н. С. Мусаева жиналғандарды даңқты батырға арналып ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.

ХАБАРЛАНДЫРУ!