Хабарландыру!

    Құрметті «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты мен «Экономика және құқық» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

   Сіздерді 09.11.2022ж. - 23.11.2022 ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат және Кафедра» күндеріне шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен таныса аласыздар.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, Гидро кешен, 6.1 №8, 6.2 №9 оқу залдары.
   КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!

Хабарландыру!

   Құрметті «Филология және журналистика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

  Сіздерді №1 оқу залы, «Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар» факультеті кампусында 07.11.2022ж. - 14.11.2022 ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» және «Кафедра күндеріне» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен таныса аласыздар.
КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!

Кітапханашылар күні аталып өтті

   Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді. Енді Кітапханашылар күні - 24 қазан күні тұрақты түрде тойланатын болмақ.
   Мерекеге орай, Дулати университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Library awards - 2022» атты марапаттау рәсімі өтті. Жиынға университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Гульвира Мусабекова қатысты.

Оқуды жалғастыру