ВЕБИНАР!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді 6 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-де өтетін орыс тіліндегі "Ғылымометрия негіздері" онлайн вебинарына шақырамыз.
Тіркелу сілтемесі
   https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_-FRLXQNUR9ug2B8q0gD_Kw 

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! 
   Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
   Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

 Сіздердің назарларыңызға Кітапханалық-ақпараттық орталық ұйымдастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер - елдіктің символы» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.                                                          
  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрбір жас ұрпақ мемлекеттік рәміздердің қадір қасиетін бойына сіңіріп, қастерлеуі тиіс.