Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер!

   Сіздерді, 24 қазан - Кітапханашылар күніне орай өткізіліп отырған «Кітап Vibe» атты акустикалық кешке шақырамыз. Бізден керемет кеш, сіздерден көтеріңкі көңіл-күй күтеміз! 
                                              КЕЛІҢІЗДЕР!   КӨРІҢІЗДЕР!
   Күні: 20.10.2023, уақыты: 11-00
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, 1.2 кешен, №1 оқу залы

Құрметті оқырмандар!

        Кітапханалық-ақпараттық орталық Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы күніне арналған «Республикам – мақтанышым, тірегім!» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.                                                                       
   Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданды. Онда Қаз КСР егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітіліп, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болды, ұлттық мереке санатына енді.

ТАНЫСЫҢЫЗДАР!

https://www.calameo.com/read/00639634792fd6c64e615

Хабарландыру!

Құрметті оқырман!

  24 қазан – Кітапханашылар күніне  орай өткізілетін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығының «#АшықтықКреативтік Жаңашылдық_2023» атты  іс-шараға шақырамыз. БАҒДАРЛАМА
   Күні: 24.10.2023 ж.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 оқу залы, 2.1 технологиялық кешен.