Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Хабарландыру!

«Ақпараттық және медиалық сауаттылықты арттыру» апталығы
Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,

магистранттар және 1-курс студенттері!

   Сіздерді,  09.10 – 20.10.2023  аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залында (6.1 гидрокешен) «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар және 1-курс студенттерін «Ақпараттық және медиалық сауаттылықты арттыру» тренингтеріне  шақырамыз.   
 Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтымен http://lib.dulaty.kz және КАО Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету (ИРБИС64+), «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және қордағы дәстүрлі түрдегі құжаттардың көшірмелерін электронды түрде жеткізу сервисін пайдалану, қазақстандық, ресейлік электронды кітапханалар («РЖООАЭК», «IPR SMART», «Университетская библиотека ONLINE», «Параграф») мен шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен таныстыру.