24 қазан - Кітапханашылар күні

Құрметті де қадірменді кітапхана қызметкерлері!


     
Сіздерді “24 қазан – Кітапханашылар күні” кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
   Кітапхана - адамға рухани азық беретін тұғыры биік бір әлем. Кітапханашының кәсібі – терең білімді, жан-жақты мәдениетті, ізгілік пен мейірімділікті талап ететін құрметті мамандық. Сіздердің кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір бола білгендеріңіз – қоғамның дамуына қосылған баға жетпес үлес.
   Осы мерекеге орай, Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, қажырлы еңбек пен шығармашылық табыс тілейміз!
   Еңбектеріңіз әрдайым ел алғысына бөленіп, биіктерден көріне беріңіздер!
   Мерекелеріңіз құтты болсын!
                            Ізгі тілекпен, Кітапханалық-ақпараттық орталық ұжымы

Хабарландыру!

Құрметті оқырман!

   «24 қазан – Кітапханашылар күніне» орай өткізілетін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығы ұйымдастырып отырған «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2025» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІНЕ  шақырамыз.
   Күні: 24.10.2025 ж.
   Уақыты: 10.00
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 оқу залы (2.1 технологиялық кешен).

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!

   Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту. Республика күніне орай Кітапханалық-ақпараттық орталық «Қыран елім – Қазақстан!» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.
https://www.calameo.com/read/006396347258377864105