«Бір ел – бір кітап - 2026» республикалық акциясы

Құрметті оқырмандар!

  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба. Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары таңдалып, көпшілікке кеңінен ұсынылады.
   Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды. Шығармада қазақ халқының тарихи тағдыры, ел басынан өткен күрделі кезеңдер, ұлт болмысы мен рухани құндылықтары терең көркемдікпен суреттеледі. «Тағдыр» романы – тарихи сананы қалыптастырып, отансүйгіштік пен ұлттық рухты нығайтатын маңызды әдеби туынды. 1990 жылы осы шығарма үшін Қабдеш Жұмаділовқа Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
   Акцияның негізгі мақсаты –  Қабдеш Жұмаділовтың  бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Осы орайда кітапханаларда, білім беру мекемелерінде және мәдени ұйымдарда түрлі әдеби кештер, оқырман конференциялары, көрмелер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.
  Барша оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, Қабдеш Жұмаділовтың тағылымы мол шығармаларымен танысуға шақырамыз!