Просмотры 6,981

       

                                                                                                                

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АШЫҚ ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы және
жас ғалымдар!

    Халықаралық ашық ғылым апталығы жыл сайын бүкіл әлемде қазан айының соңғы аптасында өткізіледі және Ашық қолжетімділік апталығы ретінде де белгілі. Осы кезеңде ұйымдар әртүрлі іс-шаралар – вебинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де өзара әрекет түрлерін ұйымдастырып, ғалымдар арасында білімді еркін алмасуға ықпал етеді.
   2025 жылы іс-шараның тақырыбы – «Біздің біліміміз кімге тиесілі?».
Халықаралық ашық ғылым апталығы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 2025 жылғы  20-26 қазан аралығында ғылыми білімге ашық қолжетімділікті алға жылжытуға және ғалымдардың еркін қарым-қатынасын ынталандыруға бағытталған бірнеше іс-шара ұйымдастырады.
   Кітапханалық-ақпараттық орталық өз тарапынан жетекші компаниялар мен халықаралық дерекқорлардың өкілдерінің  қатысуымен  бірнеше вебинар ұйымдастырады:
  -21 қазан, сағат 14.00 (Астана) 
   Тақырыбы: «Возможности НИЦ ИНФРА-М для обеспечения образовательной и научной деятельности»
  Тренер:  Еманов Алексей Леонидович - директор по развитию ТОО «ИНФРА-М»
  Ссылка для регистрации:
   https://teams.live.com/meet/9383915902513?p=cWIvwc06VDdxcoDIY7
   -22 қазан, сағат 14:00 (Астана уақыты) 
   Тақырыбы: «Дулати Университетінің ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметіндегі толық мәтінді электрондық журналдар мен кітаптар жиынтықтарына қолжетімділік пен пайдалану».
   Тренер: Ирина Сержан – EBSCO компаниясының Орталық Азия, Молдова және Кавказ өңірі бойынша өкілі
   Тіркелу сілтемесі:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_KgQMG1ZpRIyA5F68QqiXhA
    -23 қазан, сағат 11:00 (Астана уақыты) -
   Тақырыбы: «Scopus журналдарын іздеу және ашық қолжетімділікте жариялау»
   Тренер: Рабиға Хожамқұл – Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша консультанты
   Тіркелу сілтемесі:
   https://us06web.zoom.us/meeting/register/n18BMkEgSfmG-7_RWRBuAA
   -23 қазан, сағат 15:00 (Астана уақыты)
   Тақырыбы: «EBSCO және ашық қолжетімділік: EBSCO ашық ғылымның дамуына қалай ықпал етеді».
   Тренер: Александр Рытов – Қазақстандағы EBSCO компаниясының аймақтық өкілі.     Тіркелу сілтемесі:                                                                                           https://clck.ru/3Pph2y
   -24 қазан, сағат 14:00 (Астана уақыты)
   Тақырыбы: «Выбор журнала и публикация статей в международных научных журналах»
   Тренер: Инеш Кенжина — PhD, Clarivate компаниясының Орталық Азия аймағындағы ресми өкілі.
   Тіркелу сілтемесі:
   https://us02web.zoom.us/meeting/register/PsQb3xo9S-eWUD4VGzovlw
   -27 қазан, сағат 15:00 (Астана уақыты) -
   Тақырыбы: «Ашық қолжетімділік: неге барлық баспалар оған көшуде?»
   Тренер: Петр Бородавкин – Ғылым магистрі (MRes), Wiley компаниясының өкілі
    Тіркелу сілтемесі:
   https://register.gotowebinar.com/register/6120533080989744984
                          Барлық вебинар қатысушылары сертификат алады!
           Ғылыми қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Кафедра күндеріне» шақырамыз!
  - 2025 жылдың 14-17 қазан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Педагогика және әлеуметтік  ғылымдар» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология», «Арнайы және әлеуметтік педагогика», «Педагогика» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                    Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                        №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен)

Хабарландыру!

Құрметті кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылар құрамы!

         Кітапханалық – ақпараттық орталық 2026 жылға жылдық республикалық және ресейлік мерзімді басылымдарға жазылу уақытының басталғандығын хабарлайды. Тапсырыс беру журналдар каталогы арқылы жүргізіледі. Каталогтың электронды нұсқасы және тапсырыс формасы public$-те әр факульттердің жеке папкасында «Подписка_2026» атауымен орналасқан.
        Тапсырыстар 2025 жылдың 10 қазанына дейін «Кітапханалық қорды толықтыру және ғылыми өңдеу» (2.1.117 ауд.)  бөлімінде қабылданады немесе электрондық поштаға (сканерленген нұсқасын) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберуге болады.
       Тапсырыс формасы
       Журналдар каталогы