Просмотры 8,943

       

                                                                                                                

Хабарландыру!

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

   Университетіміздің кітапхана қоры Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының» сыйға тартқан 500 дана тарих саласындағы әдебиеттермен толықтырылды.
    Тарих мамандығының оқытушылары мен студенттерін, сондай-ақ кітапсүйер қауымды кітапханаға келіп, жаңа түскен әдебиеттермен танысуға шақырамыз!

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
  - 11 қыркүйек сағат 15.00
   Тақырып: «Введение в Wiley Online Library» 
   Тіркелу сілтемесі:                         https://register.gotowebinar.com/register/5883647697724985944
  - 15 қыркүйек сағат 15.00 
   Тақырып: «Открытый доступ: почему все издательства переходят на него?» 
   Тіркелу сілтемесі:                       https://register.gotowebinar.com/#register/5440469744940609625 

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

    Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүмкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін және өмір азығы болады. Ғылымның жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді. Бірінші қыркүйек тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, болашаққа, жаңалық пен танымға толы мәнді өмірге жол  ашады. 
   Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!