ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   EBSCO компаниясы сіздерді қараша айында өтетін вебинарлар сериясына қатысуға шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағат. Өздеріңізді қызықтырған шараны таңдап, тіркелу сілтемесі арқылы өтіңіздер. Электрондық поштаңызды мұқият көрсетіңіздер - сертификаттар сол мекенжайға жіберіледі. Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға қосылу сілтемесі бар шақыру хаты келеді.
   Вебинарларды өткізетін маман:
   Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ аймағы) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   Вебинар қатысушылары сертификат алады.

   17 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
  EBSCO Connect – электрондық ресурстарды көрінетін және қолданылуын жеңілдететін құралдар алаңы (тек кітапханашылар үшін)
   Бұл практикалық сабakta EBSCO Connect платформасын ресурстармен жұмыс істеуде қалай қолдануға болатыны көрсетіледі. EBSCO іздеу терезесін құру, оны кітапхана сайтына орналастыру, ресурстарға URL сілтемелер жасау, ұйымыңыздағы EBSCO ресурстарын көрінетін ететін қосымша қолданбалар туралы айтылады.
Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_FFeSAWwTQhS20vGpgGQ-nA#/registration
   18 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
   Жасанды интеллект арқылы іздеуді жақсарту. Ғылыми жұмыстар жазуда пайдалы EBSCOhost® құралдары
Бұл практикалық сабақта EBSCOhost платформасындағы жасанды интеллект атқаратын функциялар, AI арқылы іздеуді жақсарту жолдары, жеке аккаунт құру, құжаттарды және іздеу тарихын сақтау, әртүрлі форматта дәйексөз келтіру, тақырыптық және жаңа шығарылымдарға хабарламалар орнату, деректерді Zotero, Mendeley, EndNote секілді бағдарламаларға экспорттау қарастырылады.
   Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_lqIOSPvJR72yjEOmaJaENQ#/registration
   19 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
   Қалтаңыздағы кітапхана: EBSCO мобильді қолданбасы туралы
Бұл вебинарда EBSCO мобильді қосымшасын жүктеу, жүйеге кіру және қолдану жолдары көрсетіледі.
   Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_AV-jsK38RMmUegmlQs6cwg#/registration
   19 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
   Әлемнің ең танымал баспаларының электрондық кітаптарына тәулік бойы, кез келген жерден қол жеткізу!
Электрондық кітаптарды қолдану, толық кітаптар мен жеке бөлімдерді жүктеу, смартфон, планшет және ридерлерде пайдалану, Adobe Digital Editions орнату және авторизациядан өту жолдары көрсетілетін практикалық сабақ.
   Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_AGDPsihbS_C-t0Rf9yV59Q#/registration
   20 қараша, 12:00 (Астана уақыты)
   Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттері
Бұл вебинарда цифрлық заманда кітапханашы иеленуі тиіс кәсіби дағдылар талқыланады.
   Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_ygTElepUTrehHL5JZDmS1g#/registration
   20 қараша, 15:00 (Астана уақыты)
   Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс
   Бұл вебинарда бизнес саласына бағытталған жаңа мамандандырылған интерфейс — Business Searching Interface жайлы ақпарат беріледі. Ол компания профайлдарын, SWOT талдауларын, салалық есептерді, елдер бойынша экономикалық мәліметтерді қарауға және іздеуге мүмкіндік береді.
   Тіркелу:
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_wlxTM4F8QLqkjSXtJfgvcA#/registration

17 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ!

Құрметті студенттер!

   Сіздерді 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
  Білім жолындағы еңбектеріңіз бен талпыныстарыңыз әрдайым жемісті болып, болашаққа деген сенімдеріңіз нық болсын. Студенттік өмір – ең жарқын, ең қызық, ең қайталанбас кезең. Жаңа идеялардан шабыт алып, алға қойған мақсаттарыңызға нық қадам баса беріңіздер. Оқуда озат, өмірде озық болыңыздар! Жаңа белестерді бағындырып, ел ертеңінің жарқын тұлғасы болуларыңызға тілектеспіз.
    Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндеріне» шақырамыз!
    - 2025 жылдың 10-14 қараша аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының https://lib.dulaty.kz құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)