ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

    Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркелу вебинардан бір күн бұрын жабылады! Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
   - 22 тамыз сағат 15.00 
  Тақырып: «Как публиковать статьи» 
  Тіркелу сілтемесі: https://event.webinarjam.com/register/21/o308vhl

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер!

   Сіздер үшін "PROFбілім беру" электрондық ресурсына 15.08.2024 ж. бастап 15.09.2024 ж. дейін тегін тестілік қолжетімділік ашылды (www.profspo.ru). "PROFбілім беру" ЭР - орта кәсіптік білім беру мекемелері үшін арнайы әзірленген электрондық ресурс. Бұл эксклюзивті мамандандырылған электронды оқулықтарға, сондай-ақ оқытудың әртүрлі бағыттары үшін мерзімді басылымдарға, лицензияланған әдебиеттерге, бейне дәрістерге, онлайн курстарға, аудио және тест каталогына қол жеткізе отырып, сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
    Студенттер мен оқытушыларды тіркеу барлығы үшін бірыңғай логин мен пароль бойынша жүргізіледі:
   Логин:     tarsu
   Құпия сөз:   4xjZLL6y

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!
    "Абай күні" – руханият мерекесі, жаңғырудың жарқын үлгісі. Абай даналығы – өркениеттіліктің негізі. Мына сұлу дүние есігін ашып, рухани құндылыққа ұмтылғысы келген әрбір адам, Абайдың шығармаларымен етене танысу керек. Абайдың ойы, ақынның толғанысы, данышпанның қайғысы – бүтіндей тіршіліктің үні, тұтас қоғамның сөзі деп ұғынатын уақыт келді.        
   Кітапханалық-ақпараттық орталық «Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.
https://www.calameo.com/read/006396347ee16c7d17df1