«18 НАУРЫЗ –ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

   18 наурызда,  елімізде ұлттық киім күніне орай Кітапханалық – ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты «Ұлттық киім» күнін өткізді. Дулати университетінің мұражайында өткен іс-шараға студенттермен қатар университет мұражайының меңгерушісі А.Калабаева және Персоналды басқару қызметінің қызметерлері қатысты.
   Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.
   Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
   Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн.
   Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.Іс-шараның мақсаты - қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ сән әлеміне интеграциялауға ықпал ету.