Просмотры 6,369

       

                                                                                                                

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің
оқытушылары мен студенттері!

   Сіздерді, 2025 жылдың 17-24 ақпан аралығында Кітапханалық - ақпараттық орталығында №1 оқу залының (2.6 корпус)  ұйымдастыруымен «Ақпарат күндеріне» шақырамыз. Сіздер техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және E-UNI, PROFобразование электронды кітапханаларының ресурстарымен таныса аласыздар.

Хабарландыру!

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2025» АКЦИЯСЫ
Құрметті оқырман қауым!

  Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 7-ші  жұлдызында, сағ. 12.00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында   проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің сырлы суреткері – Тәкен Әлімқұлов» тақырыбында ашық алаңға шақырамыз! 
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68)

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Springer Nature журналдары мен мақалаларына 2025 жылғы 5 ақпаннан 5 наурызға дейін 1 айға тестілік қол жетімділік

    Құрметті ғалымдар, зерттеушілер, докторанттар, оқытушылар 2025 жылдың 5 ақпанынан 5 наурызына дейін Springer Nature журналдар мен мақалаларға тестілік қол жетімділікті ұсынады.
    Осы кезеңде университеттің компьютерлерінен немесе қашықтықтан (тіркеуден кейін) Scopus құрамына кіретін және Web of Science импакт-факторы бар мақалалар мен журналдарды іздеуге, жүктеуге, зерттеуге, құрастыруға болады.
    -журналдар мен мақалалар https://link.springer.com / 1997-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашылды. Олардың ішінде 2000-нан астам рейтингтік ғылыми журналдар мен барлық ғылыми бағыттар бойынша 6 млн.астам мақалалар бар.
    -журналдар мен мақалалар https://www.nature.com / 2000-2025 жылдардағы мақалаларға қол жетімділік ашық. Озық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы әлемдегі ең ықпалды 100-ден астам журналдар, олардың ішінде Nature, Nature Biomedical Engineering, Nature Catalysis, Nature Chemistry және т. б. журналдар бар.
    Тестке қол жетімділік кезінде семинарлар өткізіледі:
    2025 жылғы 11 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".
    2025 жылғы 18 ақпан, сағат 15.00-де - " Сайтпен жұмыс. Әдебиеттерді таңдау: Диссертацияңызда, мақалаңызда немесе ғылыми жобаңызда тиімді жұмыс істеу үшін Springer Nature журналдары мен мақалалары".