Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2, №7 және №5 оқу залдарының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
  - 2024 жылдың 14 ақпаннан 07 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Технологиялық» факультетіне;
   - 2024 жылдың 19-27 ақпан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне;
    - 2024 жылдың 26 ақпаннан 07 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және  т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                              №2 оқу залы (2.1 тех.кешен)
                                                              №7 оқу залы (5.3 педагогикалық кешен)
                                                             №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2024» АКЦИЯСЫ

Құрметті оқырман қауым!

   Биылғы жылы  "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО шеңберінде 100 жылдығы аталып өтілетін - Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Осыған орай, Сіздерді 9 ақпан күні сағат 12.00-де «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында өтетін  қазақ балалар жазушысы, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған ашық сұқбат алаңына шақырамыз.
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68) 

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық-ақпараттық орталық жыл сайын қаңтар айында оқырмандардың қолындағы кітаптарды қайта тіркеуден өткізуді ұйымдастырады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп немесе онлайн түрде http://lib.dulaty.kz қайта тіркеуден өткізулеріңізді өтінеміз.
         Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен), байланыс тел: 45-74-33
         Абонемент №2 (6.1 гидро кешен), байланыс тел: 52-68-77
         Абонемент №3 (5.2 педагогикалық кешен), байланыс тел: 45-74-33.