Просмотры 6,500

       

                                                                                                                

ВЕБИНАР!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   EDP Hub баспасы вебинарға шақырады!
📅 Іс-шара күні: 2025 жыл 14 наурыз
⏰ Уақыты: 15:00 (Алматы)
🎁 Әрбір тіркелген қатысушы сертификат алады!
   EDP Hub баспасының Қазақстандағы авторларымен жұмыс жөніндегі маманы Гүлжауар Бикжанова:
   - IPR SMART ЭБЖ-де мазмұн қалай толықтырылады;
   - ЖОО авторларымен жұмыс қалай құрылды;
   - "Global SciCall: жаңа білім Қоры"баспа байқауы қалай өтті;
   - неліктен Университет кітапханасы сапалы контент құрудағы негізгі идеолог болып табылады.
   IPR MEDIA компаниялар тобының даму жөніндегі директоры Кутуева Вита маңызды тақырыптарды талқылайды:
   - IPR smart ЭБС бойынша 1-қосымшаны қалай тез толтыруға болады (негізгі нұсқадағы ЭБС бойынша мазмұн құрамы мен саны бойынша толтырылған қосымша — барлық қатысушыларға сыйлық ретінде);
   - дайындық бағыттары бойынша жаңа басылымдар;
   - аударма басылымдарымен жұмыс;
   - баспа VS электрондық басылымдар;
   - Қазақстандағы басқа баспалармен ынтымақтастық;
   - IPR SMART EBS даму перспективалары & E-UNI.KZ.
    Тіркелу сілтемесі: https://ipr-vebinar.ru/smart-kz-big-update 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні!

                                 Құрметті ханымдар!
   Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
   Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз.

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық – ақпараттық орталық Сіздерді, №2 оқу залы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» шақырамыз!
   -2025 жыл 5 мен 17 наурыз аралығында «Ақпараттық жүйелер», «Автоматизация және телекоммуникация», «Қолданбалы информатика және бағдарламалау», «Қолданбалы математика және физика» кафедраларына;
   -2025 жыл 17 мен 31 наурыз аралығында «Тамақ өндірісі және биотехнология», «Текстиль, материалтану және стандартизация», «Дизайн және сән индустриясы», «Химия және химиялық технология» кафедраларына.
   Іс-шараның мақсаты - білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныстыра отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.                          
   Өтетін орны:тех.кешені, 2-қабат, оқу залы.
   Уақыты:9.00-17.00 сағ.