ВЕБИНАР

                     Құрметті университет оқытушылары мен жас ғалымдары!

             Сіздерді Clarivate компаниясының орыс тіліндегі тегін вебинарларына шақырамыз. Вебинарлар ZOOM платформасында өтеді және оларды Clarivate компаниясының өңірлік шешімдер бойынша кеңесшісі Ирина Тихонкова жүргізеді.
Бағдарламада:
- EndNote референс менеджері арқылы ғылыми мақалалар мен еңбектерді рәсімдеу
- Web of Science жүйесінде базалық және кеңейтілген іздеу тәсілдері
- Сертификаттау бағдарламасына дайындық
- Journal Citation Reports жаңартулары
Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға кіру үшін қажетті ақпарат жіберіледі. Сондай-ақ, вебинар басталардан 1 күн және 1 сағат бұрын еске салу хаттары жолданады.
Таңдалған вебинар уақытының 90%-не қатысқан жағдайда сертификат беріледі.
Сертификаттау бағдарламасы 25-27 маусым аралығында өтеді.
Толық кесте: https://clarivate.libguides.com/CA
Вебинарлар уақыты: 14:00-де (Алматы уақыты
Clarivate ресурстары немесе қосымша ресурстарға жазылу бойынша сұрақтарыңызды Қазақстандағы өкілге жолдай аласыз: Инеш КенжинаЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
                   Барлық вебинарларға тіркелу ашық.
Research Smarter
24 маусым
Мазмұны: Journal Citation Reports (JCR) жыл сайынғы жаңартулары туралы біліңіз және JCR мерейтойын бірге атап өтіңіз!
Бұл вебинарда Сіз:
- Ғылыми басылымдардағы өзгерістер жағдайында журнал профилі арқылы саналы шешім қабылдау жолдарымен;
- Журнал импакт-факторы (JIF), JCR, ашық қолжетімділік және авторлар туралы ақпаратпен;
- JCR-ды Clarivate-тың басқа өнімдерімен, соның ішінде Web of Science-пен интеграциялау тәсілдерімен;
- Journals API арқылы журнал көрсеткіштерін өз жүйеңізге енгізу жолдарымен танысасыз.
Уақыты: 14:00–15:00 (Алматы уақытымен)
Тіркелу сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_9J79xryNRGupJVNRho6n8g