Бейімбет Майлин – 125 жыл!

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2019 жылдың желтоқсан айының 11 жұлдызында, сағ.11.00-де қазақтың аса көрнекті суреткер жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай өткізілетін «Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық кешіне қатысуға шақырамыз! 

   Сонымен қатар, жазушының шығармашылығына арналған «Бейімбет Майлин – халық жазушысы» атты кітап көрмесін ұсынамыз.                                                                       

    Өтетін орны: ГӘҒФ КЕШЕНІ, №1 оқу залы.

 Ұйымдастырушы: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесі.

Хабарландыру

Құрметті «Экономика және бизнес» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы!

     Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 2019 жылдың желтоқсан айының 05-07 аралығында сағ.10:00-17:00 де "Маман күніне" шақырады. Оқу залының қорындағы кітаптармен таныса аласыздар.

     Мекен-жайымыз: «Экономика және бизнес» факультетінің №3 оқу залы.

     Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Қатысыңыздар! Танысыңыздар!

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ!

     Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Осы салтанатты күні баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз. Біздің Отанымыз, Қазақстан Республикасы әрқашан гүлдене берсін.