ХАБАРЛАНДЫРУ!

Кітапхана оқырмандарға қашықтықтан қызмет көрсетуге көшуде

Құрметті студенттер, профессор-оқытушылар құрамы!

                Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кітапханалық - ақпараттық орталық (бұдан әрі – КАО) өз оқырмандарына қашықтықтан қызмет көрсетуге көшеді.

Кітаптарды ұзарту, библиографиялық анықтамалар, "IPR books" ЭБС, РМЭБ жұмысы бойынша сұрақтар, электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. немесе онлайн чат жүзеге асырылады. Сонымен қатар, КАО қорынан өзінің тіркелген оқырмандары үшін "құжаттарды электронды жеткізу" қызметі бойынша сервис ұсынамыз. Бұл қызмет арқылы оқырмандар құжаттардың үзінділерінің электронды көшірмелеріне үйден қашықтықтан тапсырыс бере алады. Кітапхананың тіркелген оқырмандары үшін КАО электрондық кітапханасынан құжаттардың толық мәтіндеріне қолжетімділікті кеңейтуді жоспарлап отыр.

               Библиографтың кеңесі қажет болған жағдайда әдебиет бойынша баспа түрінде 8(7262) 45-74-33 телефоны арқылы немесе сайтта lib.tarsu.kz онлайн чат арқылы хабарласуға болады.

                Кітапхана сайтынан http://lib.tarsu.kz "IPR books" ЭКЖ; РМЭБ (республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана) арқылы қашықтан кіру режимін пайдаланыңыз

ХАБАРЛАНДЫРУ!

       Құрметті Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары!  http://lib.tarsu.kz/index.php/kz/ сайты арқылы  РМЭБ электронды  кітапханасына (базасына) «Әлеуметтік желі арқылы кіру» үшін төмендегі нұсқаулықпен танысыңыздар.

       Нұсқаулық

  1. Жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз (Аты-жөніңіз).
  2. Сіз оқитын ЖОО немесе жұмыс істейтін білім беру ұйымын таңдаңыз. Егер ұйымыңызды тізімде таба алмасаңыз, «Басқа» пунктын таңдаңыз.
  3. «Жауап» пунктында әлеуметтік желіде https://vk.com/rmebrk жарияланған сұрақтың жауабын енгізіңіз (Тек қана бас әріппен және қазақ тілі әліпбиін пайдаланып жазылады! Мысалы: Қарағанды).
  4. «Кіру» батырмасын шертіңіз.
  5. Құжатты таңдау және көріп шығу үшін электронды каталогта оны іздестіру қажет. Бұдан басқа, сайттың басқа да қосымша мүмкіндіктерін қолдана аласыз.
  6. Сұрақ жауабы дұрыс берілмеген кезде – «Мәліметтер қате берілген» деген жазу шығады.                              

ХАБАРЛАНДЫРУ!

            Құрметті Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары! 2020 жылдың 9 наурызынан бастап үш ай мерзімге Wiley журналдарына қол жеткізу  берілді. Wiley Online Library платформасына өту арқылы университеттің интернет желісі ішіндегі кез келген компьютерден қол жеткізуге болады https://onlinelibrary.wiley.com/.