Қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік есімдердің бірегейі - Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Тоқтарәлі Таңжарық, Бақытжан Қанапияновтардың шығармалары жалпыхалықтық оқуға ұсынылып отыр. Осы орайда 27 сәуірде осы ақындардың шығармашылығына арналған «Жырға ғашық жүректер» шығармашылық алаңы студенттермен бірге өткізілді.
Ақын Ұ.Есдәулеттің 3 томдық шығармалар жинағының 2-ші томы «Киіз кітапта» ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері топтастырылған.
С. Ақсұңқарұлының « Көкейімде Күлтегіннің жазуында» түбі бір түркі еліне ортақ Күлтегін жазуынан бастау алған қазақ әдебиеті жинақтала келе ұлттық әдебиетке айналғандығы туралы айтылған.
Т.Таңжарықтың «Түн парақтарында» өмір мен өлім, ақ пен қара арасындағы арпалыс сезімдер туралы ой толғайды.
Орыс тілінде жазатын ақын Б.Қанапияновтың «Достояние души» шығармасында ғасырлар салған жол, таулы аймақ тұрмыстағы түркілік әуен араларындағы өзара байланыс пен түсіністікті арқау еткен.
Іс-шарада «Ұстаз» институтының 1курс студенттері белсенділік танытты. Акцияның тарихы туралы, авторлардың өмір жолдары мен шығармалары туралы мәлімет айтылып, биылғы таңдалып алынған 30 кітап жайлы оқуға кеңес берілді.