Рухани жаңғыру

Құрметті университетіміздің профессорлық – оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттері!

         17 тамыз күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдерінің жұмыс сапарымен Дулати Университетіне келуіне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бағытында кітапхана қорына түскен   қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарға көрме экспозициясы, кітап инсталляциясы жасалды.

       Көрмеге Дулати университетінің  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер»  және «Қазақстанның сакралды географиясы» бағыттары бойынша жарияланған  профессор-оқытушылар құрамының  ғылыми еңбектері  мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығынан шыққан кітаптары қойылды.
        Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басып шығарылған қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарды қолжетімді ету мақсатында арнайы QR-код мобильді электронды кітапхананың таныстырылымы өтті.