Жаңа 2021 жылдарыңызбен!
Құрметті оқырмандар!
Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа жылда әрбір игі істер мен жаңа бастамаларға сәттілік, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке тілейміз! Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой- мақсаттар жүзеге асатын, арман- үміттер ақталатын жыл болсын!
Ізгі тілекпен, Дулати университетінің кітапхана ұжымы
"LIBRARY AWARDS – 2020"
Кітапханалық - ақпарттық орталықтың ұйымдастыруымен «LIBRARY AWARDS – 2020» атты іс-шара педагогикалық кешеніндегі «бір терезе» қағидасына негізделген заманауи ашық «OQÝ AIMAǴY» ашылу салтанаты өтті.
Оқырмандардың назарына жаңа "open space" форматтағы "тыныш" және "еркін" зоналар: 6 мыңға жуық қорды қамтитын "101-ОҚУ АЙМАҒЫ" , қолжетімді интернет,Wi-Fi бар "102-Интернет аймағы", жеке немесе топпен жұмыс жасайтын, сабаққа дайындалатын- "103-топтық жұмыс зонасы", шаршаған кезде миды тынықтыратын демалыс орны - "104-демалу аймағы"- ұсынылды.