ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

    Назарбаев университетінің кітапханасы ЮНЕСКО-ның МАС жаһандық апталығын мерекелеуге арналған 2021 жылғы 25-29 қазан аралығында «Медиа және ақпараттық сауаттылық» апталығына қатысуға шақырады.

    Осы жылы МАС 2021 ЖОО аралық апталығы Қазақстанның жоғары оқу орындары: НАРХОЗ университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кітапханаларымен ынтымақтастықта өтеді.
    МАС жоғары оқу орындары арасындағы апта қатысушылардың медиа және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамытуға, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында МАС саласындағы ынтымақтастықты, білім беру және зерттеу процестеріндегі академиялық адалдықтың рөлін нығайтуға бағытталған.
    Сіздерді Instagram байқауы, веб-семинарлар, онлайн-викторина және сарапшылардың қатысуымен форум күтеді.
    Бізге қосылыңыз және жаңартуларды қадағалаңыз #MIL_KZ21 #MILDU21