2021 жылдың 15-22 қыркүйек аралығында Кітапханалық - ақпараттық орталықтың №2 оқу залында оқырмандардың ақпараттық - медиалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында 1 - курс студенттеріне, магистранттарына экскурсия ұйымдастырылып, «DULATY UNIVERSITY» электронды каталогымен жұмыс жасау жолы түсіндірілді. Сондай-ақ электронды кітапханалар - отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен (РМЭБ, IPR BOOKS, Университетская библиотека ONLINE, Grebennikon, Web of Science, Scopus) таныстырылды.