ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

    Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.       

   Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары және қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді. Кітапханалық-ақпараттық орталық Конституция күніне арналған «Ата Заңым – айбыным!» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.

ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КӨРІҢІЗДЕР!

   https://ru.calameo.com/read/006396347cd9fe87cb88e

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті профессорлық – оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

    Кітапханалық-ақпараттық орталықтың кітап қоры мемлекеттік сатып алу тәсілі бойынша 2021 жылы «Қазақ университеті», «Қазақ спорт және туризм академиясы», «Фолиант», «Альманах», «Лантар-Трейд», «Академия-Медиа», «ЭСПИ» және «N-Press» баспаларынан басылып шыққан 575 аталым, 2515 дана жаңа әдебиеттермен толықтырылғандығын хабарлайды.

     Келіңіздер! Танысыңыздар!

Рухани жаңғыру

Құрметті университетіміздің профессорлық – оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттері!

         17 тамыз күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдерінің жұмыс сапарымен Дулати Университетіне келуіне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бағытында кітапхана қорына түскен   қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарға көрме экспозициясы, кітап инсталляциясы жасалды.

Оқуды жалғастыру