Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» шақырамыз!
    - 2025 жылдың 24 ақпан мен 4 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті»  және  «Әлем тілдері» кафедраларына.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                             №5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП – 2025» АКЦИЯСЫ

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2025 жылдың 20 ақпанында сағат 15:00-де «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жыр жұлдызы – Жұмекен» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырамыз!
   Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін арттыру.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                      №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68).

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

 Кітапханалық-ақпараттық орталықтың кітап қоры «Алашорда ісі.1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинақпен толықтырылды.
   Көптомдықта ғасырға жуық мерзім ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі Істер министрлігінің, Бас прокуратурасының архив қорларында жабық түрде сақталып келген «Алашорда-Қазақ» мемлекеттігі үшін күрес жолында мерт болған қайраткер тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері үстінен жүргізілген тергеу материалдары мүмкін болғанша толық күйде берілген.
   Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігер 2 жылға жуық жазылған. Осы уақыт ішінде 35 тарихшы ғалым, археографтар мен архившілер 688 мыңнан астам құжатты жинақтап, жүйеге келтірген. Оның ішінде бұрын жарияланбаған 3000-нан астам құжат және фотосурет бар.
   Жинақ тарихшыларға,ЖОО оқытушыларына, докторанттар, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ XX ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.