ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
   - 06 қараша сағат 15.00
   Тақырып: «Введение в Wiley Online Library» 
   Тіркелу сілтемесі:                  https://register.gotowebinar.com/register/2172881716994924373 
  - 10 қараша сағат 15.00
   Тақырып: «Разбор оригинальной статьи (на примере из WOL)» 
   Тіркелу сілтемесі:                  https://register.gotowebinar.com/register/6984491934700874079 
 - 24 қараша сағат 15.00
   Тақырып: «Актуальные тенденции в библиотечной и издательской среде: открытые исследования и Искусственный Интеллект» 
   Тіркелу сілтемесі:                  https://register.gotowebinar.com/register/7130640119776538453

25 қазан – Республика күні

Құрметті оқырмандар!

25 қазан – Республика күні құтты болсын!
Бұл күн – Қазақстан Республикасының жаңа дәуірге қадам басқанын білдіретін тарихи мереке.
Тәуелсіз еліміздің туы биікте желбірей берсін!

24 қазан - Кітапханашылар күні

Құрметті де қадірменді кітапхана қызметкерлері!


     
Сіздерді “24 қазан – Кітапханашылар күні” кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
   Кітапхана - адамға рухани азық беретін тұғыры биік бір әлем. Кітапханашының кәсібі – терең білімді, жан-жақты мәдениетті, ізгілік пен мейірімділікті талап ететін құрметті мамандық. Сіздердің кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір бола білгендеріңіз – қоғамның дамуына қосылған баға жетпес үлес.
   Осы мерекеге орай, Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, қажырлы еңбек пен шығармашылық табыс тілейміз!
   Еңбектеріңіз әрдайым ел алғысына бөленіп, биіктерден көріне беріңіздер!
   Мерекелеріңіз құтты болсын!
                            Ізгі тілекпен, Кітапханалық-ақпараттық орталық ұжымы