Қорды ұйымдастыру және сақтау бөлімінің міндеттері:
-кітапхана қорын ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыру, оның қалыптасуын, мониторингін, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
-пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау, зерттеу және талдау;
-бөлім қорының құрамына кіретін құжаттарға оқырмандардың сұраныстарын жедел қанағаттандыру;
-КАО қорларын сақтау және пайдалану режимін бақылау;
-«ОPEN SPACE» форматында пайдаланушылардың қорды тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
-университеттің оқу және ғылыми қызметінің бағыттарына сәйкес студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін кітапханада және қашықтықтан толық және жедел анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру;
-ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру.
КАО-тың Қорды ұйымдастыру және сақтау бөлімінің құрылымы:
-Пайдаланушыларды қолдау секторы;
-Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету секторы.
Пайдаланушыларды қолдау секторының міндеттері:
-тақырыптық көрмелер мен кітап қорларының көмегімен кітапхана қорын ашу;
-кітапханаға оқырмандар үшін ең өзекті және пайдалы электрондық ресурстарды тарту және оларға тұрақты немесе тестілік қолжетімділікті қамтамасыз ету;
-әртүрлі ақпарат құралдарында анықтамалық-ақпараттық басылымдар жинағын қалыптастыру;
-кітапхана пайдаланушылары арасында ақпараттық мәдениет пен медиасауаттылық деңгейін қалыптастыру және жетілдіру;
-дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда пайдаланушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-танымдық іс-шараларды (тренингтер, дәрістер, семинарлар) ұйымдастыру және өткізу.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету секторының міндеттері:
-ғылыми-библиографиялық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
-кітапхана сайтында орналастырылған виртуалды анықтамалық қызметті үйлестіру;
-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базасында сектор жұмысын жаңғырту, заманауи анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру;
-анықтамалық-іздестіру аппаратын ұйымдастыру және сүйемелдеу;
-оқырмандардың кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық мәдениетін арттыру;