Кітап қорын толықтыру және каталогтандыру секторы

Кітап қорын толықтыру  және каталогтандыру секторының негізгі қызметі:

 - қорды оқулықтармен, ғылыми және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, электронды тасмалдағыштағы әдебиеттермен университет профилі мен оқырмандар сұранысына сәйкес әр түрлі толықтыру көздері арқылы кітапхана қорын сапалы толықтыру;

 - қорды сапалы қалыптастыру, есепке алу және оларды сақтауды  қамтамасыз ету;

 - толықтырудың негізгі үрдістері: есеп, толықтыру, кітапқа  «штрих-код» қою, әдебиеттерді ғылыми өңдеу, тапсырыстарды енгізу, мерзімді басылымдарға жазылу мен тіркеу жұмыстарын «КАБИС» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру;

 - жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың деректер қорын қалыптастырып, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырып оны жүргізу;

 - кітап қорын сақтау мақсатында кітапханалық-ақпараттық орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне тексерулер ұйымдастыру;

 - университеттің және кітапханалық-ақпараттық орталықтың басқа құрылымдық бөлімшелерінен тапсырыс қабылдау;

 - қорды толықтыру үшін баспалардың прайс парақтары мен тақырыптық жоспарларын қарау;

 - әдебиеттерді сатып алу жолын қарастыру, баспалардың тақырыптық жоспарларымен танысып,  кітап сауда орындарымен байланыста болу;

 - кітап айырбасын жүзеге асыру;

 - оқулықтармен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету көрсеткішін талапқа сай жеткізу;

 - мерзімді басылымдарға жазылып және оның түсу барысын қадағалау;

 - университет мамандықтарында оқылатын пәндер бойынша сол мамандықтың кітаппен қамтамасыз етілуіне ақпарат беріп отыру;

 - кафедралардың ұсынысы бойынша әдебиеттер алу үшін баспаларға тапсырыс жіберу;

 - университетің кафедраларына баспалардың жарнама, ұсыныс қағаздарын, тақырыптық жоспарларын тарату;

 - қордың кітапханалық-ақпараттық орталықтың талаптарына және оқырман сұранысын қанағаттандыратын ережеге сай болуы үшін оны зерттеу.

  Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қоры ҚР Ғылым және білім министрлігінің 19 қаңтар 2016 жылғы №44 бұйрығына сәйкес «ҚР мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар  қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидалары», 11.12.2018 жылы университет ректоры бекіткен №529 бұйрығымен  «М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қорын қалыптастыру ережесі» негізінде толықтырылады.