«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ - ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ» атты дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз»,-деген еді. Осы жұмысты атқаруға жаңадан Ұлттық аударма бюросы ашылған болатын.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы іске асырылып жатыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықтың қазақ тіліне алғашқы аударылған 18 оқулық кітапханалық-ақпараттық орталық қорына да түскен. Осы кітаптарды насихаттау, оқырмандарға таныстыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олар: кітап көрмелер, ақпарат күндер, презентациялар, библиогидтер, әңгімелер, ауызша журналдар.
Осындай іс-шараның бірі 2019 жылдың 13 наурыз күні сағ.18.00-де «Білімгерлер үйінде» №11 түнгі оқу залында «100 жаңа оқулық - қазақ ғылымының жаңа белесі» атты дөңгелек  үстел өткізілді. №2 жатақханада тұрып жатқан бір топ студент қауым 100 оқулықтың аударылған 18-ін оқып, осы кітаптармен басқаларды таныстырып, туындаған ой-өрісімен бөлісіп, талқыға салды.
Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалатындығына сенімдіміз.