КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
- Қызмет көрсету бөлімі (гидро кешені)
- Ақпараттық-кітапханалық қызмет бөлімі (технологиялық кешені)
- Кітап қорын толықтыру және каталогтандыру секторы (технологиялық кешені);
- Цифрландыру және IT секторы (технологиялық кешені)
- Деректер қорын үйлестіру секторы (технологиялық кешені);
- Ғылыми-библиографиялық қызмет секторы (технологиялық кешені);
- Әдістемелік кабинет (технологиялық кешені);
№ 1 оқу залы (Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті)
№ 3 оқу залы (Экономика және бизнес факультеті);
№ 5 оқу залы (гидро кешені);
№ 6 оқу залы (гидро кешені);
№ 8 түнгі оқу залы (№1жатақхана);
№ 9 электронды оқу залы (технологиялық кешені);
№ 10 оқу залы (Қаратау қ.);
№ 11 түнгі оқу залы (№2 жатақхана);
№ 12 электронды оқу залы (гидро кешені);
№ 14 ғылыми әдебиеттер оқу залы (гидро кешені);
№1 абонемент (технологиялық кешені);
№3 абонемент (Қаратау қ.);
- Көркем әдебиет секторы (Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті);
- Көркем әдебиет секторы (гидро кешені).
Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтандыру бөлімі
Бөлімнің негізгі мақсаты - университет профилі мен оқырмандар сұранысына сәйкес әр түрлі толықтыру көздері арқылы кітапхана қорын сапалы толықтыру. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қоры оның ішінде электронды оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік құжаттар ҚР Ғылым және білім министрлігінің 18 шілде 2003 жылғы №508 бұйрығына сәйкес «ҚР білім мемлекеттік ұйымының кітапхана қорын қалыптастыруы туралы нұсқау», 24.09.2013 жылы университет ректоры бекіткен «М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қорын қалыптастыру ережесі» негізінде толықтырылады.
Бөлімнің жұмысы «КАБИС» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Толықтырудың негізгі үрдістері: есеп, толықтыру, кітапқа «штрих-код» қою, әдебиеттерді ғылыми өңдеу, тапсырыстарды енгізу, мерзімді басылымдарға жазылу мен тіркеу жұмыстары. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың құрылымдық бөлімдері үшін кітаптар мен басқа материалдарды жүйелеуді, каталогтауды және техникалық өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады. Жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың деректер қорын (ДҚ) қалыптастырып, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады, оны жүргізеді, саралайды.
Ғылыми - әдістемелік сектор
Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінің және оған қарасты Жамбыл облысы кітапханаларына кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметтерді ұйымдастыруына әдістемелік көмек көрсетіп үйлестіреді.
Ғылыми - әдістемелік секторының атқаратын қызмет бағыттары:
- әлем кітапханаларының озық тәжірибелерін насихаттап, кітапхана ісіне енгізу;
- кітапхана құрылымындағы бөлімшелермен біріге кітапхана қызметін реттейтін құжаттарды құрастыру;
- әдістемелік көмек көрсету мақсатында кітапханаларды аралау, іс-сапарларға шығу;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметі туралы статистикалық мәліметтерді жинақтау және негізгі көрсеткіштердің жиынтық кестесін құрастыру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінің жұмыс есебі мен жұмыс жоспарларын қабылдау, талдау және Кітапханалық-ақпараттық орталықтың жұмыс есебі мен жоспарын құрастыру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталық қызметі туралы мәліметтер әзірлеу, керекті ақпараттар мен анықтамалар құрастыру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталық қызметін жарнамалау бағытында жарнамалы құралдар дайындау (буклеттер, жолсілтегіштер, стендтер);
- Кітапханалық-ақпараттық орталықта маркетингілі зерттеулер жүргізу;
- Кітапханалық-ақпараттық орталыққа қарасты кітапханалардың жұмыс жоспары мен есебін қабылдау және оларға талдау жасау;
- облыс кітапханашыларының және Кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру мақсатында іс-шараларды (конференция, аймақтық кітапханашылар форумы, семинарлар, тренингтер, оқыту-курстары, дөңгелек үстел және т.б.) жүзеге асыру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталық қызметінің мониторингін жүргізіп, оларға әдістемелік, ұсыныстық және ақпараттық басылымдар құрастырып шығару;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың web – сайтын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Деректер қорын үйлестіру секторы
Сектордың негізгі атқаратын қызметі:
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың бірыңғай деректер қорын ұйымдастыру жұмысы;
- «КАБИС» бағдарламасы бойынша жұмысты демеу және жетілдіру;
- ретроконверсия жұмысын дұрыс ұйымдастыру және жеңілдету бағытында жұмыс жасау;
- жалпы ЭК деректер қорын редакциялау;
- ЭК деректер қорының сақтық көшірмесін жасау /айына 1 рет;
- ақпараттардың библиографиялық сипаттамасын стандартқа сәйкес жазылуын және сапасын қадағалау;
- салалық рубрика және түйін сөз сөздігін құрып, енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес толықтырылып, жаңартып отыру.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы
Ақпараттық – библиографиялық қызмет секторы мына қызмет түрлерін ұсынады:
- тақырып бойынша электрондық каталогтың деректер қорынан әдебиеттер тізімін құрастыру;
- құжаттарды ӘОЖ, КБЖ айдары бойынша индекстеу;
- ақпарат күні, кафедра күні, институт күні, магистранттар күні, дипломниктер семестрін, кітап көрмелерін ұйымдастыру;
- библиографиялық және биобиблиографиялық көрсеткіштер құрастыру, жаңа түскен әдебиеттерге бюллетеньдер шығару;
- ақпаратты іріктеп тарату және басшыларға саралап қызмет көрсету;
- құжаттарды электронды жеткізу қызметін жүзеге асыру;
- пайдаланушыларға ақпараттық–библиографиялық ресурстарға және иемденген толық мәтінді деректер қорына мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың web – сайтын демеу және жетлдіру.
Кітап қорында ғылыми журналдар, ғылыми-әдістемелік журналдар, авторефераттар, диссертациялар, анықтамалар, сөздіктер, реферативтік журналдар қоры жинақталған.
Абонементтер
Абонемент бөлімдері оқырмандарды Кітапханалық-ақпараттық орталықтан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың абонементтері атқаратын қызмет бағыттары:
- оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың кез келген құрылымдық бөлімшесінде пайдалану құқығы бар бірыңғай оқырман билетін беру;
- студенттер мен оқытушыларға және университет қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
- қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
- оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.
Абонементке қарасты қорында әлем классиктерінің шығармаларымен қатар қазақ әдебиетінің туындылары, поэзия, прозалар жинақталған көркем әдебиет секторы жұмыс істейді. Әр мамандық бойынша жаңа түскен және ескі жылғы басылымдарды насихаттау мақсатында тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Оқу залдары
Университет студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік беретін және едәуір уақытын өткізетін жері - мамандандырылған, электронды, мерзімді басылымдар оқу залдары екені белгілі. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша құнды отандық және шет елдік авторлардың басылымдары, соның ішінде кітапханаға жалғыз данада түскен басылымдар, электронды, мерзімді басылымдар жинақталған. Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
- пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
- ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың электрондық каталогы және толық мәтінді деректер қорларын пайдалануда көмек беру;
- электрондық кітапхананың ақпараттық ресурстары туралы мәлімет беру;
- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ақпараттық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
- анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
- ашық көрмелік және ақпараттық-оқыту іс-шараларын өткізу.