Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Семинар-Тренинг

  CABI ABSTRACTS  ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА БОЙЫНША  
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА  АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

 2024 ж. 17 сәуір күні кітапханалық-ақпараттық орталықта №2 оқу залында CABI Abstracts цифрлық кітапхана  бойынша пайдаланушыларға арналған тренинг онлайн және  оффлайн түрінде өтті.
   Спикер - CABI ғылыми орталықтың өкілі  Брахим Джар мырза осы ұйым туралы және оның ғылыми  потенциалы мен мәні туралы ақпаратпен онлайн байланыс арқылы  ағылшын тілінде бөліссе,  Қазақстан Республикасындағы  CABI  өкілі  спикер Жабров В.В.  мырза оқытушылар мен магистранттарға  орыс тілінде мәлімет берді.
   Ол «CAB Abstracts» –  жаратылыстану-ғылыми пәндер мен ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдегі жетекші библиографиялық ақпараттық сервис екендігіне және  әлемдік қолданбалы әдебиеттерге қол жеткізуге  мүмкіндік бар екендігіне тоқтала кетті.
   Жиналған қауым пайдалы ақпарат алып, тренингтің маңыздылығын атап өтті.