9 мамыр - Жеңіс күні!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
   Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! Отан үшін от кешкен аталарға тағзым етеміз!

1 Мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті достар!

               Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының достығы   және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

    Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен   патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
  Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып    табылады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа  кенелсін!

 

Ұлы Жеңіске - 80 жыл

  Батырдың ерлігі -  ұрпаққа өнеге

          2025 жылдың 24 сәуірінде Кітапханалық-ақпараттық орталық  пен «Филология және журналистика» білім бағдарламасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы оқылып, қызу талқыланды.   Іс-шараның мақсаты -  жастарды кітап оқуға баулып, патриоттық сананы қалыптастыру, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту.
   «Москва үшін шайқас» романы - қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма, әскери мемуар.
   Іс-шара Жеңіс саябағында «Даңқ» залында өтті. Іс-шараның қонағы – Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл батырдың ерлігі жайында танымды әңгімелерімен бөлісті. 
   М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті “Бауыржантану” орталығының аға-ғылыми қызметкері Найзабаев Әлімбай Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын студенттерге қызықты етіп, мазмұнын ашып берді. «Автор ащы да ауыр өмір шындығын жасырмайды. Мұнда ойдан шығарылған оқиғалар немесе ойдан шығарылған кейіпкерлер жоқ. Бұл адамның көз алдында болған оқиғаларды өз көзімен көргені, не болғаны туралы шығарма»-деп ойын түйіндеді.
   Өз кезегінде студенттер аса қызығушылық танытып, өздері де кітап жайлы ойларын бөлісіп, сұрақтарына жауап алып отырды.  «Филология және журналистика» білім бағдарламасының 2 курс студенті Әкімжан Қуанышбекұлы «Москва үшін шайқас» романынан үзіндіні   сарбаз образында аса тербеніспен  оқыды. Барша қауым шайқас  кезеңін көз алдарына елестеткендей болды.
         Іс-шара өте тартымды әрі қызықты өтті.