тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

2021 жыл

      Кітапханалық-ақпараттық орталық өз пайдаланушыларына  арнап «Мобильді кітапхана» қызметін ұсынылды.
   Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған кітаптардың QR код нұсқасы бойынша баннерлер ілінген. Жалпы алғанда бүгінге күнге 404 кітапқа QR-код қойылды.
  Жаңа университет репозиториі «dspace» бағдарламасы негізінде «Дублиндік ядро» халықаралық метамәліметтер стандартына сәйкес жасалып, университет профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері, университетте қорғалған авторефераттары, «Тараз университеті» баспасы шығарған оқу құралдарының архиві осы  «Университет репозиториіне» http://repository.tarsu.kz/xmlui жинақталады. Репозиториге қойылған құжаттарға  арнайы таңба қойылып, PDF форматта енгізіледі.
   Профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері - 20304 дананы құрайды, оның - 11823 данасы, яғни 58,2%  қазақ тілінде. Университет репозиторийін дамытуда ПОҚ еңбектері  цифрлық форматқа көшіріліп, 2519 аталымы ашық қолжетімділікте.
  Университеттің ПОҚ мен жас ғалымдарына, студенттеріне «Мегапро» мүмкіндіктерін таныстыру, кітапхананың меншікті және иемденген қол жетімді лицензиялық цифрлық ресурстар мен ғылыми базаларды пайдалануды  үйрету, баспалар мен агрегаторлар платформаларымен жұмыс жасау, онлайн қызметтерді пайдалану, ғылыми метрика мен библиометрика бойынша кеңес беру, семинарлар, тренингтер өткізілді. Авторлардың жарияланымдық белсенділігін қолдау мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамына ORCID ID тіркеу және мақалаларды енгізу туралы семинар-тренингі өткізілді.. Scopus” базасына тіркелген ПОҚ мен жас ғалымдардың саны - 53.
   2021 жылдың қыркүйек айының 06-08 аралығында кітапханалық-ақпараттық орталығында Elsevier Орталық Азия және Әзірбайжан командасының өкілі- MD, MPH, PhD кандидаты, тренер Рабиға Хожамқұл университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарына үш күндік семинарларын өткізді. 4 этаптан тұрған семинардың бірінші күні тартымды да қызықты өтті.
   Университетіміздің 143 оқытушылары мен жас ғалымдары қатысып, өзекті тақырыптарды іздеу, авторларды ілгерілету, Хирш индексін арттыру және Scopus көмегімен жарияланымдар үшін лайықты журналды іздеу бойынша сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.
   Семинардың екінші күні «Scopus көмегімен журналды қалай таңдауға болады» тақырыбы бойынша «Ұстаз» институтының оқу залында жалғасын тапты. Семинарға Университетіміздің 107 профессорлық-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдары қатысты. Семинардың үшінші күні "Қалай танымал автор болу керек? Журнал клубының әдісі және Халықаралық ынтымақтастықты іздеу" тақырыбы бойынша Гидро кешені, №6 оқу залында өткізілді.
   2021 жылғы 15 қазанда Clarivate Analytics компаниясының маманы Инеш Кенжина «Халықаралық журналдарда мақалалар жариялау. Үздік тәжірибелер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн форматта вебинар (ZOOM) жүргізді.
  2021 жылдың 5 қарашасында «Цифрлық білім беру – әлемдік тренд» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. «Эпиграф» баспасының өкілдері сөз сөйлеп, оқытушыларға интерфейс арқылы студенттердің жұмыс нәтижесін 5 минутта қадағалауға болатын электронды және мультимедиялық оқулықтардан тұратын, Қазақстан бойынша әдебиеттер жинағының арсеналын көрсетті.
  2021 жылы  кітапхана қорын, оның ішінде  жаңа түскен әдебиеттерді жан-жақты насихаттау мақсатында білім беру бағыты бойынша жинақталған ақпараттық бюллетеньдер шығарылып, онлайн и оффлайн форматта 295 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды.  Оның 130-і ақпараттық мазмұнда болса, 165-і көпшілік іс-шаралар. Жалпы осы іс-шараларға - 4839 оқырман қатысты
  2021 жылдың 23 сәуірінде  «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай  «Цифрлық ортадағы университет кітапхаансы:ресурстар, технологияялар және қызметтер» атты UniLibWEEK_2021 іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара баспалардың кітап-көрме жәрмеңкесі, оқырмандардың сыйға тартқан кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
   Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
   2021 жылдың 15 қазанында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» мерекесіне орай «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2021» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында "АRT-Самғау-2021", "#ЧитатьМодно" библио Селфи сурет салу байқауы, "АРТ-вернисаж" ЖОО жас суретшілер туындыларының  көрмесі, ақпарат саласының үздігі, Азамат Утенов - меценат «Enactus Kazakhstan» директорлар кеңесінің мүшесі, ақын, лауреат - Нұржан Қыдырәлімен «Мәңгілік ел мұрасы» әдеби жастар клубының мүшелерімен кездесу, жетекші  кітап баспаларының жәрмеңке көрмесі ұйымдастырылды.
  Халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «От ауызды, орақ тілді, қайсар ақын» атты поэзия кеші өткізіліп, «Қыран қанатты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   2021 жылы 26 қараша күні  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде  М.Ф. Үркүмбаевтың 82 жылдығына арналған «Үркімбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-конференцияның ашылу рәсімінің аясында,  кітапхана тарапынан «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» -атты кітап көрмесі мен фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
   2021 жылдың 07 желтоқсанында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылы таңдалып алынған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап!»  ұранымен танымал қазақстандық авторлардың  драматургия саласындағы 30 үздік туындылардың бірі Иран-Ғайыптың  «Қорқыттың көрі» пьесасынына  сахналық қойылым ұйымдастырылды.
   2021 оқу жылы «Оpen space» форматында қызмет көрсететін, жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еркін қарым-қатынас жасайтын, қызмет көрсету технологиясы жаңғыртылған заманауи ашық кітапхана ұйымдастырылуда.
   Кітапхана кеңістігінде  "еркін" және "тыныш" зоналарға бөлінген, «жеке жұмыс аймағы», «топтық жұмыс пен тренингтерге арналған «Сreative zone», «Сoworking zone»,   «Ашық кітапхана» (Адал кітапхана), «101-оқу аймағы» (101-точка чтения), «102-интернет аймағы» (102 - зона интернета), «103-топтық жұмыс аймағы» (103 - group study room), «104-демалу аймағы» (104 - chillout room) аймақтар бар.
  2.1-технологиялық кешенінде оқырмандардың заманауи сұраныстарын қанағаттандыру және жастарды көркем, мотивациялық, іскерлік әдебиеттерді оқуға тарту мақсатында жаңа «Сreative zone» ашылды.
   Заманауи стильде  жасалған 1.2 кешеніндегі №1 оқу залы 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін  жөндеуден өтті.  Кітапхананың негізі мақсаты ашық түрде жұмыс істеу, жаңа технологияларды тарту, оқырманға жағдай жасау. Модернизациялау барысында оқырмандардың қызығушылығын ояту үшін әр кітаптың орны мен  үстелдердің түсіне дейін мән берілді, орындықтардан бөлек пуфиктер қойылды. Кітапхананы жаңарту жобасы  аясында оқырмандардың кітап оқуына  ыңғайлы, әрі бос  аймақтың көбірек болуына мән  берілген.

2022 жыл

   Кітапханалық-ақпараттық орталықтың wеб-сайтының http://lib.tarsu.kz  мекен-жайы (домен) http://lib.dulaty.kz болып өзгертілді. Веб-сайттың техникалық жаңғыртылуы мен редизайны жүзеге асырылды. Онлайн қызметтерінің функционалы кеңейтілді, мазмұны жаңартылды және сайт мәзірі толықтырылды:
   - ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ (Ғылыми метрикалық жүйелер,  Web of  Science журналы деңгейінің метрикасы, зерттеушілердің идентификаторы мен профильдері, кеңейтілген Google,  халықаралық деректер қорларына қолжетімділік немесе интернет кеңістікте ғылыми ақпаратты қалай табуға болады, зерттеушілерге арналған ақпараттық ресурстар, пайдалы материалдар қойылды),
   - ОҚЫРМАНДАРҒА (абонементтер, кеңістік, онлайн қызмет көрсету, бірінші курс студенттерінің жолсілтемесі, жұмыс кестесі жаңартылды),
   - Электронды кітапхана ресурстарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары (Университетская библиотека ONLINE, «Zan» деректер базасы, ScienceDirect)  қойылды;
 - «DU хабаршысы», «Механика және технологиялар» деректер базасы; «Cawaterinfo» порталы, «Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар», «Педагогикалық ғылымдар» электронды кітапханасы, YouTube каналы сайтқа қосылды.
  Кітапхананың Facebook-https://www.facebook.com/lib.DU, ВКонтакте - https://vk.com/lib_du, Instagram https://www.instagram.com/lib_du әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшасында жаңа оқырмандарды тарту жұмыстары жүргізіліп, кітапхана жаңалықтарын тұрақты жариялау, іс-шаралар туралы ақпараттандыру, кітапхана қорына түскен жаңа басылымдарды насихаттау бойынша және т.б. ақпараттар қойылды.
   2021-2022 жылдары кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 3149. Оның «Онлайн кітапхана» қызметіне – 2441 пайдаланушы, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) - 1805, оның 1097-і дәстүрлі, 708-і онлайн түрде.
  Кітапхана қорын цифрландыру бағытында (сұранысы көп және енді басылып шықпайтын  сирек кездесетін кітаптарды цифрлық форматқа көшіру) оқу процесіне пайдалануға қажетті оқулықтар цифрлық форматқа көшірілді.
   Кітапхана сайтында "Виртуалды кітап сөресі" іске қосылған. Виртуалды кітап сөресі - бұл кітап суреттері бар бет және QR кодымен бірге жүреді. QR кодын сканермен жабдықталған кез-келген девайс (құрылғыны сканерлеу) арқылы өз смартфонында әдебиеттерді оқи алады.
  2022 жылы  228 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.  Оның 87-і ақпараттық мазмұнда болса (4461қат.), 141-і көпшілік іс-шаралар  (6670қат.) ұйымдастырылды.  Жалпы осы іс-шараларға – 11131 оқырман қатысты.
   2022 жылы  барлығы 90 (кітапханалық-библиографиялық сабақ-9, кафедра күндері - 26, ақпарат күні-27, факультет декадасы - 6, семинар-тренинг- 10  экскурсия 1 курс - 4) ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды.
  2022 жылы кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 2448. Оның «Онлайн кітапхана» қызметіне – 987 пайдаланушы, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) - 1545, оның 1100-і дәстүрлі, 645-і онлайн түрде болды.
  2022 жылдың 23 сәуірде  «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай кітапты насихаттау, оқырмандардың интеллектуалды-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыру мақсатында «#Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» атты ашық микрофон өтті.
  «25 қазан - Қазақстан Республика күні» және «22 қазан - Кітапханашылар күніне» орай «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2022» тақырыбында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 2022 ж. 11-22 қазан аралығында  «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ  КІТАПХАНА ДЕКАДАСЫ»  ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға университет әкімшілігі мен университет студенттері, жас ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
   2022 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы   «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты  әдеби кеш, «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі»  атты дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесі  ұйымдастырды.
   25 қыркүйек 2022 жылы Жүректен  маржан  іздеген" атты Ш.Мұртазаның 90 жылдығына орай әдеби алаң өткізілді.
   28 қазан 2022 жылы №8 оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған   «Тіл туының тұғыры » атты поэтикалық марафон өткізілді.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың wеб-сайтының http://lib.tarsu.kz   мекен-жайы (домен)  http://lib.dulaty.kz болып өзгертілді. Веб-сайттың техникалық жаңғыртылуы мен редизайны жүзеге асырылды. Онлайн қызметтерінің функционалы кеңейтілді, мазмұны жаңартылды және сайт мәзірі толықтырылды.
  2022 жылдың 18 қазанында «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2022» атты кітапхана күніне орай өткізілген мерекелік іс-шарада  кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Г.Есіркепова Дулати төс белгімен, «Ең білікті маман-2022» номинациясы бойынша   біліктілігі жоғары деңгейдегі кітапханашы М.Ердулдаева, «Зейнеткер -2022» номинация бойынша Н.Омарова, К.Тлепова  алғыс хатпен марапатталды.
 
2023 жыл
 
   2023 оқу жылында кітапханалық - ақпараттық орталық пайдаланушыларға ақпараттық  қызмет жұмысын оңтайландыру мақсатында  «МегаПро»  АИКЖінен «ИРБИС 64+» кітапханаларды автоматтандыру жүйесіне (КАЖ) көшуді шешті. ИРБИС 64+  КАЖ   домендік атауы  http://e-lib.dulaty.kz/ болды.
  Ақпараттық-кітапханалық технологияларды кешенді автоматтандыру, басқару ақпараттық ресурстар және оларға қол жеткізуді ұйымдастыруға арналған «МегаПро» автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесімен (АИКЖ) жұмыс жүргізілді.
   2023 жылы университет тарапынан кітапханаға бөлінген 20 жаңа модификацияланған компьютерлер оқу залдарына бөлінді.
   «IRBIS 64+» кітапхананы автоматтандыру жүйесіне IPRSmart ЭКЖ – 53583 эл.ресурс  және 12 000 журнал интеграция жасалынды.
   2023 жылы барлық қызмет көрсету пунктерінде кітапханаға жазылу ИРБИС 64+ кітапханалық-ақпараттық жүйесінде (КАЖ) қамтамасыз етілді. Жалпы тіркелген оқырман саны – 14 799.
   2023 жылдан бастап оқырмандарға электронды қызмет көрсетуге толық көшу мақсатында және КАО-тың кітап қорына электронды тексеру жүргізу үшін бүкіл кітапхана қорына штрих-кодтау жүмысы басталды. Бүгінгі күнге технологиялық кешенде орналасқан №2 оқу залының кітап қорының - 452 000 данасына штрих-код қойылды.
  Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына университет аралық «Ғылым мен жоғары білімді кітапханалық-ақпараттық қолдау» бағытында 18 біліктілікті арттыру курстары, тренингтер  өткізілді, 400 аса кеңестер берілді.   Қатысқандар: 306 (оффлайн -276, онлайн -30).
 Курс қатысушылары Хирш индексін, журналдардың процентилін анықтау және авторлардың бейіндерін түзету, «Scopus», «Web of Science»  деректер базасын пайдаланудың жолдарымен танысты.
   2023 жылы  барлығы 132 (кітапханалық-библиографиялық сабақ - 17 кафедра күндері - 40, ақпарат күні-56, семинар-тренинг- 8,  экскурсия 1 курс - 10) ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып, 6760 адам қатысты.
   2023 жылы кітапхананың «Онлайн қызмет көрсетуге» қашықтықтан жүгінгендер саны - 2907. Оның «Онлайн кітапхана» қызметі бойынша – 201, «ӘОЖ/УДК» қызметіне (мақалалар мен ғылыми еңбектерге әмбебап ондық жіктеу индексін беру) –1649, оның 651- і дәстүрлі, 981-і онлайн түрде болды.
   2023 жылында пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің бизнес-процестері (ПОҚ, студенттер, магистранттар және докторанттар) дәстүрлі және "бұлтты" нұсқаларда «ИРБИС64+» веб-жүйесі бойынша кез келген модульмен жұмыс веб-интерфейс арқылы жүзеге асырылды және жергілікті желідегі кез келген компьютерде немесе Интернеттен қашықтан орындалуына  мүмкіндік берілді.
   Кітапханалық-ақпараттық орталығының виртуалды өкілдігі – http://e-lib.dulaty.kz/ заманауи интерфейске ие және пайдаланушыларға қажетті қызметтер жиынтығын ұсынады: "Онлайн қызмет көрсету», «Виртуалды анықтамалық қызмет», «Құжаттарды электрондық жеткізу», «ӘОЖ, КБЖ  Электрондық беру онлайн-қызметтерді көрсету.
   2023 оқу жылы  136 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды.  Оның 90-і ақпараттық мазмұнда болса (6259қат.), 46-і көпшілік іс-шаралар  (8589қат.) ұйымдастырылды.  Жалпы осы іс-шараларға – 14848 оқырман қатысты.
  11 қазан 2023 жылы «Face to Face»  форматында  Дулати университетінің  6В04114-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының  3-4 курс студенттерімен   ҚР мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесу өткізлді.
   2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
   20 сәуірде Кітапханалық-ақпараттық орталығында халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына  орай «Жер шарының азаматы» атты  әдеби-сазды  кеші өткізілді.
   Жыл сайын 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі «UniLibWeek_2023» атты апталық аясында өтті.
   2023 жылы қызметкерлердің біліктілікті жетілдіру көрсеткіші бойынша:
   ҚР Ғылым және жоғары  білім министрлігінің құрмет грамотасы – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының алғыс хаты – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының сертификаты - (6), Жамбыл облысының әкімінің Құрмет грамота – (1), «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы – (1), Дулати университетінің құрмет грамотасы – (3), Дулати университетінің Алғыс хаты – (3), Дулати университетінің сертификаты - (16), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Г.Қанайдың алғыс хаты – (1), Біліктілікті жетілдіру куәлігі (Москва қ.) – (1), John Wiley & Sons баспаларының сертификаты – (90), ТОО «EDP Hub» (Идипи хаб) сертификаты (18),  «IPR  SMART» cертификаты – (6), Пульс науки сертификаты (1).
   Кітапханалық-ақпараттық орталық директор орынбасары Н.Рыбалкина  Дулати университетіне сіңірген еңбегі үшін, Дулати атындағы төсбелгімен марапатталды.
Өзінің іскерлігімен белсенділігін ұштастыра білген,  басшылықтың және әріптестердің арасында жоғары баға алған  Ж.Талқанбаева  мен А.Пірманова «Кітапхана мамандығына адалдығы үшін - 2023» атағына ие болды.
   2023 жылдың 24 қазанында «25-қазан Республика күніне» орай мерекелік іс-шарада «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Г.Иржанова мен Б.Маткулова ҚР Ғылым және жоғары  білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
   2023 оқу жылы кітапханалық-ақпараттық орталықта штаттық кесте бойынша - 51 қызметкер,  қазіргі күнге жұмыс істейтін мамандар саны – 45          Кітапхана қызметкерлерінің орта жасы – 48 жас.
   2023 жылында жоспарланған гидро кешеніндегі «Кітап қорын сақтау және толықтыру» бөліміне жөндеу жұмыстары өткізілді. Оқу залдарындағы кітап қорлары оңтайландырып, ашық кітапхана құру бағытында, заманауи талаптарға сай кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылу коммуникациялары реттелді.
 
2024 жыл
 
   2024 жылының қыркүйек айынан бастап, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екі тәуелсіз жоғары оқу орнына: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» (бұдан әрі – ТарУ) коммерциялы емес акционерлік қоғамы және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазСШжИУ) болып бөлінді.
  Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кітапханасына (ҚазҰСШжИУ) – 325 482 дана кітапханалық қор бөлінді. Сонымен қатар,  мерзімді басылымдар қоры – 63 комплект, Докторлық, кандидаттық, PhD -151  ПОҚ- ғылыми еңбектері, КАО-ық электрондық кітапхана қорының - 12271 электронды ресурсы    кітапханасына берілді.
   ҚазҰСШжИУ-не 2047 студент және 117 профессорлық-оқытушылар құрамы оқу орнын ауыстырды.
  Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кіттапханасына берілді: -Компьютерлер саны 36; -Принтерлер саны - 4; -Проектор - 1, -Экран - 1, -Ламинатор -1;  А4 1 Сканері; Штрих-кодты оқуға арналған қол сканері - 1.
   Авторлардың жариялау белсенділігі бойынша дәйексөздер базасымен жұмыс істеу бойынша оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға «Ғылым мен жоғары білімді кітапханалық-ақпараттық қолдау» бағытында 14 біліктілікті арттыру оқу тренингтер, вебинарлар өткізілді.  Қатысқандар саны: 175 адам.    Хирш индексін анықтау, авторлық профильді түзету бойынша 125 кеңестер беріліп, 105 ақпаратты іріктеп тарату қызметі (ИРИ)  орындалды.
   2024 жылы барлығы 140  ақпараттық іс-шара ұйымдастырылып,  7113 адам қатысты.
   2024 жылы ӘОЖ/УДК  қызметі – 1512 құрады. Оның ішінде: 1000-ы - дәстүрлі түрде, 512-сі онлайн түрде.
  2024 жылы  224 көпшілік және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырды.  Оның 132-і ақпараттық мазмұнда болса (6760қат.), 92-і көпшілік іс-шаралар  (5944қат.) ұйымдастырылды.  Жалпы осы іс-шараларға – 12704 оқырман қатысты.
   2024 жылы кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлері  Дулати төсбелгісі – (1), ҚР кітапханалар қауымдастығының Құрмет грамотасы – (1), «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы – (1), «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы – (4), М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Басқарма мүшесі-Ректорының Құрмет гармотасы – (5) иеленді.
   2024 жылы КАО қызметкерлері 123 сертификат алды: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің сертификаты – (24), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің біліктілікті жетілдіру сертификаты (Алматы қ.) – (3), «AUEZOV UNIVERSITY» сертификаты – (1), John Wiley & Sons баспасының сертификаты – (53), ТОО «EDP Hub» (Идипи хаб) сертификаты (9),  «IPR  SMART» cертификаты – (23), Scopus сертификаты – (4),  ELSEVIER сертификаты – (6), EBSCO Information Services сертификаты – (3).
  2024 жылдың 03 наурызына 31 мамырына дейін университетте ұйымдастырылған «Стратегическое управление университетом. Операционный менеджмент в образовании» атты 72 сағаттық біліктілікті жетілдіру курсына КАО директоры Г.Иржанова, директор орынбасары Н.Рыбалкина және барлық бөлім басшылары: Б.Маткулова, А.Касымова, Г.Карашолахова қатысып сертификат алды.
 
2025 жыл
 
   Оқырманның кітапханалық ресурстарды тиімді пайдалануы үшін және барлық сервистік мүмкіндіктермен тікелей жұмыс істеу мақсатында университеттің «Платонус» порталымен «ИРБИС-64+» кітапханалық автоматтандыру жүйесі жіксіз интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. «Оқырман» модуліне -12750 оқырман енгізілді.
   2025 жылдың желтоқсан айында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №2 оқу залына (технологиялық кешен) RFID-технологиясы сатып алынып, іске қосылды.
  RFID-технологиясын (Radio Frequency Identification — радиожиіліктік сәйкестендіру) пайдалану, ол кітапханалық қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.
   Бүгінгі күнге дейін ашық қолжетімді қордағы 30 717 дана кітаптарды автоматтандырылған түрде беру және қабылдау үшін RFID сәйкестендіру белгілері орнатылды. Оқу залы қорындағы барлық кітаптарға сәйкестендіру белгілерін орнату жыл сайынғы жоспарға енгізіліп, тиісті ішкі жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
   Бұл технология бірқатар артықшылықтарға ие және дәстүрлі оқу құндылықтарын заманауи цифрлық мүмкіндіктермен үйлестіруге мүмкіндік береді.
   Жүйе түгендеуді жылдам жүргізуге, жоғалған немесе дұрыс орналастырылмаған басылымдарды табуға, сондай-ақ әрбір кітаптың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
  Бұл есеп жүргізу кезінде жоғалтулар мен қателіктердің тәуекелін айтарлықтай төмендетеді. Жүйе қауіпсіздік деңгейін де арттырады. Ұрлыққа қарсы функциялар кітаптарды рұқсатсыз алып шығудың алдын алады, оқырмандарға ешқандай  қолайсыздық тудырмайды.
   Бүгінгі таңда меншікті электрондық кітапхана қоры - 24899 ресурсты құрайды,  оның - 6186 аталымы мемлекеттік тілде болса, 17767-ы орыс тілінде, 946 аталымы ағылшын тілінде. Барлық электронды ресурстар http://e-lib.dulaty.edu.kz/ сілтемесі арқылы қолжетімді.
   Кітапхана пайдаланушылары үшін лицензияланған 10 отандық және шетелдік электронды кітапхана жүйелері мен деректер қоры (РМЭБ,«Параграф» АҚЖ, «IPRSmart» ЭКЖ, «E-Uni.KZ»,ЭК КББУ «PROFобразование», «Университетская библиотека online» ЭКЖ, Cab Abstracts, Scopus, Web of Science, Wiley online library) қолжетімді болды.
   Сонымен қатар, кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін  озық кітапханалармен ғылыми ұйымдардың коллекциялары мен электрондық ресурстарын өзара пайдалану туралы келісімдер жасалды:  «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ кітапханасы,«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ  кітапханасы,«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ кітапханасы,"Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана" Республикалық мемлекеттік мекемесі,«Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университеті» федералды мемлекеттік автономды жоғары оқу орны,«Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Тараз қаласындағы филиалы,«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ кітапханасы.
   2025 жылдың 27 қаңтар – 07 ақпан аралығында   Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Заманауи  кітапхана: трансформация, инновациялар және бейімделулер» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілікті жетілдіру курсына А.Касымова, Г.Карашолахова, Қ.Сейділдаева қатысып, сертификат алды.
   2025 жылы 17-21 тамыз аралығында өткен кітапхана ісі саласындағы ең ірі іс-шара әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегатты біріктірген  IFLA Дүниежүзілік конгресіне біліктілігін  арттыру  мақсатта 4 қызметкер қатысты: Иржанова Г.Ж., Кабазова Н.С.,Бакбердиева Г.А., Ращупкин В.қатысты.
Назарбаев Университеті Кітапханасы Қазақстан Республикасының университет кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, кітапхана қызметкерлері мен ақпараттық ғылым мамандарына арналған 2025 жылдың желтоқсан айында «Стратег рөліндегі кітапханашының көшбасшылық әлеуетін дамыту» тақырыбында Еуразиялық академиялық кітапханалар тренингін ұйымдастырды.
    Аталған тренингке Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының мамандары Ж. Сәулебаева мен Г. Дәуренбаева қатысты.
  Авторлардың жариялау белсенділігі бойынша дәйексөздер базасымен жұмыс істеу бойынша оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға 14 оқу тренингтер, вебинарлар өткізілді.  Хирш индексін анықтау, авторлық профильді түзету бойынша 100-ден астам кеңестер беріліп, көмек көрсетілді.
   КАО қызметкерлері профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерге (33 адам) «Қазіргі заманғы білім беру және ғылыми қызметтегі электрондық ресурстар және ғылымиметрикалық құралдар» атты (24 сағат) біліктілігін арттыру курсын өткізді.
   Ғылым және білім беру үдерістерін қолдау мақсатында факультет кафедраларымен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, БББ бойынша кітапханалық қор және электронды ресурстармен таныстыру, және кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерді таныстыру, электронды кітапханалар ресурстарын пайдалану тәсілдерін насихаттау мақсатында бүгінгі күнге  256 ақпараттық және көпшілік іс-шаралар оның 132-і ақпараттық мазмұнда  (6760 қатысушы), (кітапханалық-библиографиялық сабақ-20, кафедра күндері - 56, ақпарат күні-40, факультет декадасы - 6,  1 курс студенттеріне экскурсия–10 болса,  124-і көпшілік іс-шаралар  (6944 қатысушы) абонементтер мен оқу залдарында 51 кітап көрмесі, ҚР мерейтойлық және атаулы күндеріне арналған 11 виртуалды көрме ұйымдастырылды ұйымдастырылды.
   «24 қазан – Кітапханашылар күніне» орай өткізілетін М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығы ұйымдастырып отырған «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2025» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ өтті
   Қазақтың ұлы ақыны, жауынгер, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, «Мен – қазақпын» поэмасының авторы Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 105 жыл толып отыр. Осыған орай, 2025 жылдың 11 қараша күні №6 оқу залының (5-2 кешен) қызметкерлері мен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын...» атты әдеби кеш өткізілді.
   2025 жылдың 15 қарашасы күні М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының 4.1 педагогикалық кешеніндегі №5 оқу залында Студенттер күніне арналған тәрбиелік және зияткерлікмағынасы бар «Студенттік шақ – жарқын шақ!» атты іс-шара өтті.
   Шара патриоттық тәрбие сағаты мен «Заң – білімді жастардың таңдауы» интеллектуалды ойынын біріктіре отырып ұйымдастырылды.
  16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік - таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
  2025 жылы 15 желтоқсанда Кітапханалық-ақпараттық орталық пен «Журналистика және филология», «Ақпараттық жүйелер» білім бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен оқу залында «Желтоқсан желі» атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.
   2025 жылы  кітапханалық-ақпараттық орталықта штаттық кестесі -  38 қызметкер: (оның - 5-і бала бағу демалысында, жұмыс істейтін мамандар саны – 33).
 
2026 жыл
 
   «Бір ел – бір кітап-2026» республикалық акциясы – еліміздің рухани мұрасын насихаттауға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени жоба.
Акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары таңдалып, көпшілікке кеңінен ұсынылады.
   Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды.
2026 жылы EBSCO компаниясының Academic Search Premier және eBook Academic Collection деректер базаларына қолжетімділік берілді.
  Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры.
   Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
   EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
   2026 жылы университетімізге ғылым, технология, медицина және білім беру салаларындағы ең ірі ресейлік ақпараттық-талдамалық портал - eLIBRARY.RU- ғылыми электрондық кітапханасына қолжетімділік берілді.
    Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.
    Мұнда университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым).
   2026 жылдың 1 ақпанынан бастап 30 сәуірге дейін (2 ай) оқырман назарларыңызға CNKI (China National Knowledge Infrastructure) - Қытайдың ұлттық білім инфрақұрылымы атты 1996 жылы Циньхуа университетінде негізі қаланған, Қытайдағы ең ірі академиялық ақпараттық ресурсы ұсынылады.
 
 
 

2011 жыл

   Ғылыми кітапхана  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты Департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстандық мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Үздік кітапхана - 2011» конкурсына қатысып, жоғарғы оқу орындарының кітапханалары арасынан IV орынға ие болды.
   ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай  «Кітапханалардың біртұтас ақпараттық кеңістігіндегі бірлескен өзара әрекеттесуі» тақырыбындағы аймақтық оқу орындарының кітапхана мамандарына ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді.
   Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кітапханасымен келісім-шарт жасалып, бірлескен мақалалардың электронды жиынтық каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды.
   Бесінші  рет  өткізіліп отырған  «Бір ел – бір кітап» акциясына  жалпы оқуға  қазақ әдебиетінің  көрнекті жазушысы  Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдалып алынуына байланысты оқырман конференциясы өткізілді.
   «КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «Электронды каталогтың пәндік айдарының» жұмыс нұсқауы (орыс тілінде)  әзірленді.
   Гидро кешенінде орналасқан «Ғылым орталығында» көркем әдебиет секторы, шетел әдебиеттер, ғылыми және электронды жаңа оқу залдары ашылды.
   №2 білімгерлер үйінде - Интернет желісіне қосылған 4 компьютермен қамтамасыз етілген-  №11  түнгі оқу залы ашылды.
  Кітапханалық-ақпараттық орталығы өз оқырмандарының ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттары мен университеттің 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы жасалынды.
   Оқырмандарға  заманауи  ақпараттық технологиялар көмегі арқылы  автоматтандырылған қызмет көрсету мақсатында «Деректер қорын үйлестіру» секторы құрылды.
 
2012 жыл
 
    «КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «КАБИС- оқырман картотекасы»  модулі бойынша оқырмандардың базасы құрыла бастады.
   Ғылыми кітапхана «Ғылыми-техникалық ақпаратты ұлттық орталық» АҚ келісім-шарт жасалып, Springerlink, The Web of Knowledge (Thomson Reuters), Elsevier интерактивті дереккөздерін пайдалануға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар «Қазақстан патенттері. Өнертабыстар. Библиография» -   ақпараттық іздеу жүйесінің толық мәтінді дереккөзіне мүмкіндік алды. Кітапхана сайтында аталған деректер көзінің баннерлері қойылды.
   Республикамызда 6-шы рет өтікізілген «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы-драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты  повесі бойынша оқырман конференциясы өтті.
   Кітапхана күніне орай  Үйлестіруші-әдістемелік орталығы аймақтық оқу орындарының кітапхана мамандарына «Кітапханашының кәсіби құзыреттілік мектебі» атты семинар-жаттықтыру сабағын өткізді.
   «КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру мақсатында «КАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс нұсқауы (орыс тілінде) әзірленді.
Кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығының төрайымы болып тағайындалды.
  «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «ҚР ЖОО кітапханаларының қауымдастығына» мүше ретінде  енуге келісім жасалынды.
   2011-2012 жылдарында Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 94 кітап көрмесін ұйымдастырып, 26 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 кездесу, 1 оқырман конференциясы, 7 әңгіме,  1 талдау өткізді.
 
2013 жыл
 
   2013 жылы гидрокешеніндегі оқу залының көлемі 50 орынға ұлғайды, кітап қорын ашық пайдалану мүмкіндігі бар мерзімді басылымдарға арналған оқу залы ұйымдастырылды.
   Кітапхана көлемін үнемдеу мақсатында заманауи жылжымалы мобильдік сөрелер алынды.
   Электрондық кітапхананың толық мәтінді деректер қорына мүмкіндік беретін 1500-ге жуық  оқулық және ғылыми әдебиеттер электронды тасымалдағышта  жинақталған замануи талабына сай инновациялық технологияларды оқу үрдісіне қолдануға негізделген – 20 компьютер, 50 орындықты, мультимедиялық жиҺаздармен жасақталған №7 «Электронды оқу залы» толықтырылып ашылды.
   «КАБИС» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін жетік игеру  және электронды тасымалдағыштағы оқулық, оқу-әдістемелік  және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуі мақсатында университет ішінде «Кабис» бағдарламасында толық мәтінді электронды оқулықтары бар «Электронды ресурстар»   деп аталатын электронды каталог құрылды.
   4-наурызда, Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  профессорлық-оқытушы құрамына, патент иеленушілерге, жас ғалымдарға арналған «Зияткерлік меншік: авторлық құқық және патенттік ақпарат» атты семинар өтті.
   Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының (ТАРМПИ) Ғылыми кітапханасы мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің (ТИГУ) Ақпараттық-кітапханалық орталығымен  келісімшарт жасалып, бірлескен мақалалардың электронды жиынтық каталогын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды, бұл On-line режимде библиографиялық мақалаларды ай сайын  экспорттау, импорттау үрдісі.
   Университеттің гидрокешенінде орналасқан №3 абонемент пен №5 оқу залында күрделі жөндеу және оларды  қайта құру жұмыстары өтіп, жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықталды.
   «Ғылымдар үйінен» көркем әдебиет секторы, электронды, ғылыми, сирек әдебиеттер оқу залдары 6.1 оқу ғимаратына көшірілді.
   Университеттің құрылымын оңтайландыру, оқытушы-профессорлар құрамының потенциалын тиімді пайдалану мақсатында, сонымен қатар «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2011-2020 ж.ж. арналған даму стратегиясын» іске асырудың оперативтік жоспарын орындау мақсатында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректорының 2013 жылдың 24 тамызындағы №286 бұйрығына сәйкес М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Үйлестіруші-әдістемелік орталығы  Кітапханалық-ақпараттық орталық  болып өзгерді, құжаттары  жаңартылды.
   «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Поэзия падишасы» - Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағын оқуға байланысты көптеген іс-шаралармен қатар ақынның жырларын  жатқа оқудан байқау ұйымдастырылды.
   17-19 қыркүйек күндері Тараз қаласында «Кітапханалар астанасы - 2013» аясында «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференцияға кітапхана ісіндегі тәжірибелерімен бөлісу мақсатында республикамыздың барлық ведомстволық кітапханалары мен Ресей, Польша, Түркия, Белоруссия, Литвадан келген шетелдік қонақтар қатысты. Аталған ауқымды  іс-шара М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» өтті, оған  Қазақстанның 160-тан аса ұлттық, облыстық, жоғары оқу орны кітапханаларының өкілдері қатысты.
   14 қазанда  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ гидрокешенінде орналасқан Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №5 оқу залында Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Университет кітапханасының жаңа форматы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында КІТАПХАНА КҮНІ өткізілді.
   2012 -2013 жылдарында Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 116 кітап көрмесін ұйымдастырып, 40 библиографиялық шолу, 2 оқырман конференциясы, 7 әңгіме өткізді.

2014 жыл

   Электрондық кітапхана ресурстарын кеңейту және профессорлық-оқытушылар құрамының  (ПОҚ) еңбектерін насихаттау бағытында Жаңа ақпараттық технологиялар орталығымен Университет репозиториін құру жұмысы басталды (160  аталымды құрайды).
   Ғылыми кітапхана атауының «Кітапханалық-ақпараттық орталыққа» ауысуына байланысты СМЖ талаптарына сай өзінің  ішкі құжаттарымен қатар, кітапхана үрдістеріне қатысты формалары  жаңартылды.
  Университет профессорларлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми ізденуін ақпаратпен қамсыздандыру мақсатында  ақпараттық-библиографиялық қызмет секторында және гидрокешеніндегі кітапханада арнайы ғылыми басылымдар жинақталған оқу залдары ұйымдастырылды.
   Кітапханалық-ақпараттық орталығының қызмет көрсету сапасын арттыру, ақпараттық ресурстарды толықтыру мақсатында университет және РЖООАЭК, ҚР ҰАК-ның ҚазҰЭК, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталықтары өз ара келісім-шарт жасалды.
    Электронды жеткізу қызметі (служба ЭДД) арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік берілді.
   14 ақпанда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы ЖОО және колледж кітапханалары мамандарына арналған «Жаңа форматтағы кітапхана жұмысы: проблемалары мен шешу жолдары»тақырыбында кәсіби мамандардың сұхбат алаңы өтті.
   Сәуірде Бүкіл дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған  «Авторлық кітаптың апталығы» акциясы өткізілді.
«2014 жыл маманы» деп аталатын ұлттық сертификаты - Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры, ЖОО кітапханалары қауымдастығының төрайымы Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызына тапсырылды.
   23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Прага қаласында EURASS-те ҚР ЖОО кітапханаларының басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша «Халықаралық кітапханатану: чех кітапханалық тәжірибесі. Оқырмандық және ақпараттық сауаттылық» атты өткен оқытуға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Г.Иржанова қатысты.
 15 қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Кітапханалық-ақпараттық орталығы Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Университет кітапханасын пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІН» өткізіп, аталған іс-шараға Жамбыл облысы жоғарғы және арнаулы орта оқу орны кітапханаларының мамандары, университет ректоры, кафедра ақпаратшылары мен студенттер қатысты.
  КАО-тың, республикалық және  халықаралық деректер қорын дұрыс пайдалану мақсатында профессорлық-оқытушылар құрамына, университеттің құрылымдық  бөлімшелерінің жауапты тұлғаларына арналған «Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениеттілігі» тақырыбында кітапхана қызметкерлерімен 20 сағаттық курс ұйымдастырылды.
   Пайдаланушыларға жаңалықтар мен ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы (Twitter, Facebook және т.б.) тарату мүмкіндіктері жасалды.
   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2014 жыл кітабы  болып  халық жазушысы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары таңдалып алуына орай, кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкерлерімен «Жусан иісті дара талант» атты әдеби кеш, «Ұлтты ұлықтаған жазушы» библиографиялық шолу,  «Халық сүйген қаламгер», «Жусан иісті дара талант» кітап көрмелері, виртуалды кітап көрмесі, «Басында Үшқараның...» атты әдеби-әңгімелер ұйымдастырылды.
   Қазақстандағы ЭРАЗМУЗ+ Бағдарламасының Ұлттық кеңесі, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірігіп ұйымдастыруымен өткен «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу орындарына бейімделуі» атты семинарға Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова  қатысып сертификатқа иеленді.
26 маусым  Springer (Шпрингер) компаниясының толықмәтінді электронды ресурстар қорын пайдалану мүмкіндіктері»  тақырыбында   семинар-тренинг өтті.
   2013 - 2014 жылдарында  Кітапханалық-ақпараттық орталық өз оқырмандарына 90 кітап көрмесін ұйымдастырып, 1 әдеби-әуенді кеш, 3 диспут, 1 дөңгелек стол, 1 байқау, 35 библиографиялық шолу, 1 оқырман конференциясы, 9 әңгіме өткізді.
 
2015 жыл
 
   22-23 қаңтарында Алматы қ. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (ҚазЭУ) «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» Х Республикалық оқу-әдістемелік конференциясы аясында «Ақпараттық және кітапханалық ресурстар – ЖОО білім беру қызметін қаматамасыз етудің негізі ретінде» тақырыбында өткен семинарға КАО-тың АБҚС жетекшісі Е.Помольцева қатысып, «Повышение эффективности построения и развития электронных библиотек новыми возможностями» баяндама жасады.
   18-19 наурызында Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: әлемдік тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2015» атты IV-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында кітапхана директоры Г.Иржанованың «Приоритеты развития и проблемы вузовской библиотеки Казахстана» тақырыптағы баяндамасы тыңдалды.
  14 сәуірде «Білімді ел - Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінің №7 санында  Гүлжан Иржанованың «Кітап – асыл қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ой кемесі» атты сыр-сұхбаты жарияланды.
   «А2ВЦ» сериялы ПланСкан  ЭЛАР сканері алынынып 2155 басылым сандық жүйеге көшірілді.
   15 қазанда Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай  «ЖОО кітапханасы  ғылыми және ақпараттық коммуникациялар жүйесінде» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ»  іс-шарасы өтті.
  «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде яғни танымал жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалынып  кітап сүйер  оқырмандарға ұсынылды.
  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Кітапханалық ақпараттық  орталықта «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы - Қазақ хандығы» атты ауқымды тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. (Әдебиеттер: 180 аталым, электронды оқулықтар-150 аталым,1935 дана; мерзімді басылымдар мақалалар  тізімі - 299 аталым ұсынылды)
   2015-2016 оқу жылында  Кітапханалық-ақпараттық орталықтың меншікті және иемденген деректер қорына  Электрондық каталог -16586, ҚазҰЭК – 3290, РЖООАЭК – 5254,  Thomson Reuters -807, Springerlink – 1463, Полпред - 52 пайдаланушылар жүктелді.
   2015-2016 оқу жылында. кітап қорын толықтыру мемлекеттік сатып алу арқылы, «Тараз университеті» баспасы арқылы, арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша (ҚР ЖОО Қауымдастығы, Жамбыл облыстық әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы) және кітап авторларымен келісім-шартқа отыру арқылы жүргізілді.
  2015-2016 оқу жылына арналған  біліктілікті жетілдіру  жоспарына» сәйкес кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері  ішкі, аймақтық,  республикалық,  сонымен қатар сырттан шақырылған лицензиялары бар халықаралық жаттықтырушылармен  ұйымдастырылған   барлығы 17 іс-шаралар мен  8 онлайн форматта өткен халықаралық семинар-тренингтерге қатысып, 2 куәлікке және 71 сертификатқа ие болды.
  2015 жылында Кітапханалық-ақпараттық орталық өз оқырмандарына 81 кітап, 4 виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырып, 51 библиографиялық шолу, 2 оқырман конференциясы, 9 әңгіме, 1 әдеби әуенді кеш, 1 әдеби әңгіме өткізді.
 
2016 жыл
 
   ТарМУ ректорының 2016 ж. 31-мамырдағы Ғылыми кеңесінің шешімімен профессорлық-оқытушылар құрамының университеттен тыс шығарылған  ғылыми-әдістемелік  еңбектерін кітапхана қорына өткізу міндеттелді, осыған орай кітапхана қорына ПОҚ еңбектері өткізіле басталды. Бүгінгі күнге 72 аталым 282 дана өткізілді
   Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Участие библиотеки в формировании информационной и медийной грамотности»-атты  республикалық семинарға қатысып, Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова және сектор жетекшісі Маткулова Балхия қатысып сертификатқа иеленді.
   5 қазан «Кітап мерекесі» Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай  «Жас ұрпақты кітап оқуға баулудағы жаңа технологиялар» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ»  өткізілді.
   5 қазан  Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай  «ЖОО кітапханасы  ғылыми және ақпараттық коммуникациялар жүйесінде» атты семинар өтті. Семинар барысында ТарМУ-да дүниежүзілік «БУККРОССИНГ» қозғалысының ашылуы құрметіне кітапхана мамандарымен арнайы әзірлеген «буккроссинг аймағында» буккроссинг тарихы, мақсаты,  жалпы  оқу туралы, дүниежүзілік қозғалысқа қосылу туралы «Өзің оқы да басқаға бер!» атты ұранмен әдебиеттік флешмоб ұйымдастырылды.
   28-қараша «Жастар сарайы» кіші залда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай зарзаман ақындарының арасындағы жарық жұлдызы – Дулат Бабатайұлының «Еспенбет», «Шаштараз» поэмаларын кеңінен насихаттау мақсатында, «Елдік пен еркіндік жаршысы-Дулат ақын» атты байқау өткізілді.
   13 қазан  Университетке IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесіне толық мәтінді пайдалану мүмкіндігі берілді.
   Сәуір айында Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Гүлжан Жеңісбекқызы  Білім мен ғылымда үздік жетістіктері және университеттің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін «Мухаммед Хайдар Дулати – Үздік табыстары үшін» төсбелгісімен марапатталды.
   Сәуір айының 18-19 жұлдызында  Назарбаев  университентінің  кітапхана Технологиялары мектебінде жоғары оқу орындарының  кітапханалар Ассоциациясының қолдауымен  «Университеттегі  ғылыми зерттеу жұмыстарында кітапхананың  рөлі» атты  семинар болып, 15 қызметкер сертификат алды.
   2016-2017 оқу жылына «Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметкерлері арналған  біліктілікті жоғарылату  жоспарына» сәйкес  ішкі, аймақтық және республика көлемінде ұйымдастырылған  9  іс-шаралар мен қатар онлайн форматта өткен семинар-тренингтерге қатысып, 40 сертификат иеленді.
   2015-2016 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық 100 көрмесін ұйымдастырып, 30 библиографиялық шолу, 3 оқырман конференциясы, 13 әңгіме, 4 әдеби кеш, 3 портреттік кеш, 1 пікір-сайыс, 1 талдау, 1 дөңгелек стол, 1 тарихи-танымдық ойын, 3 кездесу кешін өткізді.
 
2017 жыл
 
   2017 жылдан бастап Платонус бағдарламасының «Электронды журнал» модулін енгізгендіктен мұғалімдер  силлабустарды http://teacher.tarsu.kz/ базасына енгізетін болды.
   2017 жылдың 22 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітапты насихаттау, қызығушылықпен оқыту, оқырмандардың интеллектуалды-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітапты қызығушылықпен оқиық!» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті.
   Маусым айында кітапхана қорына келіп түскен жалпы әдебиеттер (оның ішінде мерзімді басылымдарды қосқанда) 5740 дана болса, ол қордың 0,4% құрады.
   Үш тілді білім беру негізінде таңдалған 13 мамандық пәні бойынша оқулықтармен толықтырылды.
   Заманауи талаптарға сай оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында  университет басшылығының қолдауымен «Экономика және бизнес» факультетінің  2.6 оқу кешенінде, 10000-ға жуық дана кітап қоры мен 12 аталым мамандандырылған мерзімді басылымдары бар, толығымен жаңа кітапханалық жиһаздармен жабдықталған  №3 оқу залы ашылды.
   16 қазанда  Қазақстандағы кітапханашылар мерекесіне орай «Цифрлы ортадағы кітапхана және пайдаланушы» тақырыбында «УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІ» өтті.
   27 наурызында «Электронды  кітапхананы  пайдалану және қалыптастыру» мақсатында Жоғарғы оқу орындары кітапханаларының корпоративті қарым-қатыстар туралы келісім шартқа  отырды.
   12 мамырында  Білім және ғылымда үздік жетістіктері және университеттің дамуына қосқан  зор үлесі үшін Бадырова Зейнаш Тоқтамысқызы «Мұхаммед Хайдар Дулати – Үздік табыстары үшін» белгісімен және сыйақымен  марапатталды.
  Қытай, Тайюань қаласында өткен CDPDL 2017 «Сандық кітапханалар мен сандық басылымдарды енгізу және оларды дамыту» атты халықаралық конференциясына  Кітапханалық-ақпараттық орталықтың директоры Г.Ж. Иржанова қатысып қайтты.
   «Бір ел - бір кітап» - 2017 Республикалық акциясы аясында жалпы халықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығарламалары таңдалған. Осыған орай жыл бойы кітап көрмелері, портреттік кеш, әдеби кеш және С.Торайғыров өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
   12 желтоқсанда  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында және  Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай  студенттер арасында   «АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА» атты көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа айтудан  байқауы өтті.
   2016-2017 жылдарында Кітапханалық-ақпараттық орталық 60 кітап көрмесі, 2 библиографиялық шолу, 1 оқырман конференциясы, 2 көрме диолог, 1 құрмет көрме, 2 портреттік кеш, 2 рубрика (айдар), 2 баяндама слайд. 1 байқау өткізді.
 
2018 жыл
 
   «А2ВЦ» сериялы ПланСкан  ЭЛАР сканері арқасында  сирек кездесетін кітаптар қорын, сонымен қатар аз мөлшерде алынған сұраныстағы 4131 кітаптарды сандық жүйеге көшіріп, электронды ресурстар каталогына енгізіп, оларға сілтеме берілді. Бүгінгі күнге  кітап сандық жүйеге көшірілді.
  Кітапханалық жұмыстардың одан әрі дамуына арналған мүмкіндігі мол, заманауи талаптарға сай келетін Ресейлік «Data Экспресс» компаниясы ұсынып отырған «МегаПро» атты автоматтандырылған біріктірілген кітапханалық жүйесіне ауысу жоспарлануда.
   Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін 2018 оқу жылында Кітапханалық - ақпараттық орталық ұжымы 2 жоба бойынша жұмыс бастады.
  Бірінші жоба: «Жамбыл-Тараз 24/7» ашық электронды кітапхана атты жаңа жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Жобаның мақсаты білімнің ашықтығы және қолжетімділігі идеясына негізделген, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, аптаның 7 күні  пайдаланушыларға тегін қызмет көрсету мен ресурстарды ұсыну дегенді білдіреді.
  Екінші жоба: «Open Knowledge - Central Asia Library Network" (OK-CALNet) "Открытое Знание - библиотечная сеть Центральной Азии" (OK-CALNet)» атты ERASMUS+бағдарламасына ұсынылған, Орта Азия мен Қазақстан (Central Asia: Kazakhstan, Kyrgyzstan, Tajikistan, Turkmenistan, Uzbekistan), Еуропа мемлекеттерінен Germany, Great Britain, Italy - 7 мемлекеттен 16 университет кітапханаларының қатысуымен жобаланған.
  Жаңа технологияларды қолдана отыра, кітапхана қорына түскен әдебиеттер мен электронды ресурстар, кітапхананың иемденген ақпараттық ресурстары (ТарМУ электронды кітапханасы, электронды каталогтар дерекқоры), отандық (РЖООАЭК, ҚазҰЭК,  «Қазақстан патенттері, ikitap.kz, әдебиет порталы) және әлемдік толықмәтінді электронды ресурстармен (Clarivate Analytics http://webofknowledge.com,  Springerlink,  Scopus, Polpred, IPRBooks, EBSCO Discovery Service, СNKI) толықтырылып, солар арқылы қызмет көрсетілді.
   Сонымен қатар аталған оқу жылында КАО Web-сайтына  - 36983  пайдаланушы, Электронды каталогқа - 30012 пайдаланушы, ҚазҰЭК-на  (КазНЭБ)  –3200 пайдаланушы,  РЖООАЭК-на  (РМЭБ) – 3979 пайдаланушы, Clarivate Analytics деректер қорына – 5223 пайдаланушы, Springerlink деректер қорына – 43, IPRBooks деректер қорына – 251 пайдаланушы, әлеуметтік желілер – 378  пайдаланушы, жалпы  электронды ресурстарға  80069 пайдаланушылар жүгінді.
   Профессорлық-оқытушылар құрамының 3900 еңбегін қамтитын Университет репозиторийі  2018 жылы 261 данамен толықтырылды.
 
2019 жыл
 
   «Кабис» бағдарламасында толық мәтінді электронды оқулықтары бар «Электронды ресурстар»   деп аталатын электронды каталог құрылды.
  Оның ішінде электронды оқулықтар, ПОҚ еңбектері, силлабустар, Жамбыл облысының статистикалары толық мәтінде жинақталып, барлығына сілтеме берілді. Университет қабырғасы ішінен барлығын кез келген уақытта көшіріп алуға жағдай жасалған, ал университеттен тыс жерлерде көшірілмейді. Қазіргі кезде 27569 электронды ресуртардың толық мәтіні кіргізілген. Электронды оқулықтар орыс тілінде - 17234, қазақ тілінде, - 3098, шет тілінде – 1252,  ПОҚ еңбектері – 1524, силлабустар – 2505, Жамбыл облысының статистикасы - 373 аталымнан енгізілген, авторефераттар – 993, сирек кездесетін кітаптар – 590.
   «КАБИС» бағдарламасына «Диссертациялар»   деп аталатын каталогына, 2018-2019 оқу жылында бітірген магистрантардың 224 диссертациясы енгізілді.
   Оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
   2019 жылдың қаңтар айына берілген мәлімет сәйкес - Қазақстан бойынша университет репозиторийлері арасында ТарМУ 28-ші орынды иеленсе, әлемдік рейтингте  12168 орында тұр.
  Жаңа университет репозиториі «dispace» бағдарламасы негізінде «Дублиндік ядро» халықаралық метамәліметтер стандартына сәйкес жасалып, 325 - университет профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектері, университетте қорғалған авторефераттары, «Тараз университеті» баспасы шығарған оқу құралдарының архиві осы «Университет репозиториіне» жинақталып, ашық пайдалануға мына мекенжайына қойылды: http://repository.tarsu.kz/xmlui.
   2019 ж. РМЭБ электронды кітапханасына 781 (143 қазақ тілінде, 621 орыс тілінде, 17 шет тілінде) электронды оқулық жіберілді. Бүгінгі күнге дейін 2940-электронды оқулық, 4171 – мақала  экспортталды,  25078 - мақала импортталды.
   2019 ж. кітапхана сайты http://lib.tarsu.kz жаңа үлгіде заманауй талаптарды ескере отырып жасалды. Сонымен қатар, көзі нашар көретін пайдаланушыларға арналған желісі жасақталды.
   Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram әлеуметтік желілерінде  ақпарат қойылып отырды.
   2019 ж. кітапханалық-ақпараттық орталық өз пайдаланушыларына  «Мобильді кітапхана» қызметін ұсынды.
 
2020 жыл
 
   2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, кітапхана ресейлік «МЕГАПРО»-автоматтандырылған интеграцияланған кітапханалық жүйесіне көшті.
  «МЕГАПРО»- жүйесінің кітапхана үрдісіне қажетті 8 модулінің қазіргі таңда 6 модулімен жұмыс жүргізіп отыр. Олар: «Әкімшілік/ Администрирование», «Электронды кітапхана/ Электронная библиотека», «Каталогтау/ Каталогизация», «Толықтыру/ Комплектование», «Жазылу/ Подписка», «Тіркеу/Регистрация».
   2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «КАБИС» жүйесіндегі барлық библиографиялық жазбалар «МегаПРО» жүйесіне конвертацияланды, дублеттік жазбалардан тазартылып, біріктірілді. Жаңа серверге «МегаПРО» жүйесі және оған қосымша бағдарламалар орнатылды.
  2020 жылдың 02.04.-25.05. кезеңнен бастап Қазақстан Республикасында коронавирус эпидемиясы COVID-19-ға  байланысты Жамбыл облысына карантин режимі енгізілгендіктен, Коронавирус пандемиясы кезінде КАО қашықтан жұмыс түрлеріне көшті: Университет кітапханасының сайтында оқырмандарға онлайн-қызмет көрсету үшін келесі қызметтер «Онлайн қызмет көрсету», «Бір терезе»  қағидаты ретінде  24/7  форматында  қолжетімді болды. Пайдаланушылардың сұраныстары онлайн чат және электрондық пошта арқылы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.  жүзеге асырылып, қашықтықтан  қанағаттандырылды.
   Кітапханалық-ақпараттық орталық жоспарға алынған 155 көпшілік іс-шараның 130 іс-шарасын  толық орындай алды.
  Оқу жылында кітапхана сайтына http://lib.tarsu.kz. және әлеуметтік желілерге (Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram) 79 ақпарат салынып, 8 банер қосылып, 2 банер жаңартылды.
   2020 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» банері 9 аталым кітаптармен толықтырылып, QR-код қойылып, қайта басып шығарылды. Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай  - «Абай шығармалары мен аудармалары»- банері жасалып, мобильді қосымшаларына QR-код қойылды.
   Кітапхана  «Абай - дана, Абай – дара қазақта!» атты университет көлемінде ауқымды әдеби-танымдық бағдарламаны ұйымдастырды.
«А2ВЦ» сериялы ПланСкан  ЭЛАР сканері арқылы 6030 аталым кітап сканерден өткізіліп, сандық жүйеге көшіріліп, электронды ресурстар каталогына енгізіліп, оларға сілтеме берілді.
   2020 жылдың 13-27 қаңтар аралығында университетте ұйымдастырылған  кітапхана қызметкерлері 36 сағаттық «Латын негізі қазақ тілі әліпбиі: сауаттылық негіздері»,  72 сағаттық «Intensive English Practice Course Elementary», 24 сағаттық «Кітапханалық-ақпараттық библиографиялық қызметінде инновациялық  технологияларды пайдалану»,
72 сағаттық «Web Дизайн және  компьютерлік графика   CORELDRAW-дан білім беру» атты біліктілікті жетілдіру курстарына қатысты.
  2020 жылдың қыркүйек айында Кітапханалық-ақпараттық орталығының Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде орналасқан Көркем әдебиет секторының әдебиеттерін жарнамалау мақсатында жарнамалық бейнеролик түсірді.
  Бейнероликтің көрсетілімі: 1. М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі tarmu_official ресми парақшасында; 2. https://www.facebook.com/tarsu.library/videos/890333358458561/: 3. https://www.instagram.com/p/CHpXrp8BecV/  Қаралым саны -1557.
   2020 жылдың қазан айында Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы  ақын, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы,  Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жұбанның жыры – ғасырлар үні» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған басылымдардың саны-1
   Белгілі ақын, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы,  Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта қалпына келтіру заманынан басталады. Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге, бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне айналды.
 Кітапханалық-ақпараттық орталығының lib.tarsu.kzсайтында  «Ұлтын жырлаған ұлы  ақын» атты виртуалды кітап көрмесі https://ru.calameo.com/read/0062430987b40ad615b91 ұсынылған. https://www.zkolib.kz/jubankaz/zhuban/portal.html - осы ресурста  қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер жиналған.

2001 жыл

   13 желтоқсанда  20 орындық интернет желісіне қосылған электронды оқу залы ашылып, оқырмандардың электронды тасымалдағыштағы кітап қорын пайдалануына және жедел ақпарат алуына мүмкіндік берілді. Электронды оқу залында пайдаланушыларды ақпарат жүйесімен мүмкіндігінше қамтамасыз ету түрлерінің барлық жолдары қолға алынған.
   Технологиялық кешендегі жатақханадан 30 орындық түнгі оқу залы ашылды.
   5 қараша күні  «Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың дамуы: жаңа технологиялар мен оның жаңа түрлері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 138 кітап көрмесін ұйымдастырып, 55 библиографиялық шолу, 5 әдеби-әуенді кеш, 1 конкурс, 9 кездесу, 8 оқырман конференциясы мен 4 ауызша журнал  өткізілді.
 
2002 жыл
 
   Ғылыми кітапхана ұжымы «Әйел басқаратын ең үздік ұжым» атты республикалық конкурстың жеңімпазы болды.
   Наурыз айыныан бастап «Сезім» жастар отауы ғылыми кітапхана директоры Фарида Мұқсынқызының бастауымен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-і ғылыми кітапханасының қабырғасында, жас студент қыздарға әлеуметтік жаңа бейне қалыптастыру, елге танымал белсенді, іскер аруларымызбен кездестіру, сұхбаттастыру мақсатында «Сезім» қыздар отауы ұйымдастырылды.
   Жамбыл облысында бірінші болып «Ақпараттық ресурстар - Ғылыми кітапхана қорын толықтырудың тиімді көзі» атты жоба жасалынып, халықаралық «Еуразия қорынан» 29 813$ кітапхана грант жеңіп алды. Ол қаражатқа жаңа компьютерлер, сканер, сервер, принтерлер алынып, 1 жылға тегін Интернет желісі қосылды.
  Онымен қоса кітапхана қоры құқық және экономика саласы бойынша 3000-ға жуық оқулықтармен толықтырылды. Осы жылы Ғылыми кітапхананың жеке www.lib.tarsu.kz веб-сайты ашылып, оқырмандарға тегін Интернет берілді.
   2003 жылы «Кітапхана 4.02» бағдарламасы «Кітапхана 5.0» болжамымен жаңартылды. Оның ерекшелігі, электронды каталогтың деректер қорына Интернет желісі арқылы мүмкіндік беруі.
   «Кітапхана 5.0» серверлік бағдарламасына ауысып, жаңа сервер орнатылды.
   «2002-Бастамалары» атты облыстық кітапханашылар семинар-тренингі өткізілді.
  Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 84 кітап көрмесін ұйымдастырып, 7 библиографиялық шолу, 5 әдеби-әуенді кеш, 3 ток-шоу, 2 пікір-талас, 9 оқырман конференциясы мен 20  әңгіме өткізілді.
 
2003 жыл
 
   ҚР Білім және ғылым Министрінің 2000 жылдың 27 наурызында бекіткен «Қазақстан Республикасы білім жүйесінің кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталығы туралы» №429 бұйрығына сай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының оқу жүйесіндегі кітапханаларға үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып табылады.
  20 наурызында Ғылыми кітапхананың ақпараттандыру қызметін жетілдіру бағытында кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі және ғылыми-ақпараттық бөлім базасынан «Библиография және электронды ресурстар орталығы» (БЭРО) құрылды. БЭРО-ның құрамына мына секторлар мен оқу залдары кіреді:          Ақпараттық қызмет секторы;Библиографиялық қызмет секторы;Мәліметтер қорын үйлестіру секторы;Электронды оқу залы;Шетел әдебиеті оқу залы
   Қараша айында технологиялық кешендегі каталогтар залында оқырмандар үшін электронды каталогтың деректер қорына мүмкіндік беру мақсатында сервер арқылы жұмыс істейтін 5 компьютер қойылып, оған кітапхананың барлық деректер қорынан мәліметтер алуға мүмкіндік берілді.
   Кітапхананың «Ғылыми-әдістемелік бөлімі «Кәсіптік білім беру» секторынан тұратын «Кітапханаларды жетілдіру бөлімі» деп өзгертіліп, жалпы 3 адам қызмет көрсетті.
   Ғылыми кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова АҚШ Мемлекеттік Департаментінің білім және мәдениет бағдарламасы Бюросы ұйымдастырған үш апталық «Кітапханалар менеджменті» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штатындағы көпшілік және университет кітапханалары, ақпарат орталықтарының қызметімен танысты.
   «Кітапханалық-ақпараттық қызметтің жағдайы және жетілдіру жолдары» атты облыстық  кітапханашылар семинары өткізілді.
«Сезім» жастар отауында өткізілген «Әйел әлемі»- атты әдеби- әуенді кешке  облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия хатшысы «Сезім» отауының құрметті мүшесі- Д. Ахметова, журналист С.Юсупова, «Өркен» балалар қорының төрайымы- Ә. Айтбаева, ғалым-ұстаздар Ә. Қ. Мұстафина, Р. С.Амандосова, С. М. Исматова, Г. Я.Омарова, М.Құсайыновалар қатысып, «Сезім» отауына жылы лебіздерін білдірді.
   Тараз қаласына қонаққа келген ақын апамыз Ф Оңғарсынова мен өткен “Болаттай берік, гүлдей нәзік- Қазақтың Фаризасы” атты кештің жастарға тәрбиелік маңызы өте зор болды.
   Осы жылы Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 139 кітап көрмесін ұйымдастырып, 59 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 1 байқау, 1 айтыс, 1 дөңгелек стол, 1 форум, 7 пікір-талас және 39 әңгіме өткізілген.
 
2004 жыл
 
   Университеттің Индиана университетімен (Блумингтон)  ұзақ мерзімді жобасы негізінде  Ғылыми кітапхана   Сабре қорынан ағылшын тілінде 7671 дана, бағасы 363 664$ тұратын әдебиеттер мен электронды тасымалдағыш /CD-ROM, W/CD/ құжаттар, Сорос қоры қаржылайтын Гете институтынан неміс тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттер алынды.
   Осы әдебиеттерді оқырман пайдалану үшін 15 сәуірде 20 орындық шетел әдебиеттер оқу залы ашылды.
Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 117 кітап көрмесін ұйымдастырып, 79 библиографиялық шолу, 1 әдеби-әуенді кеш, 3 оқырман конференциясы, 37 әңгіме,1 кітапханашылар форумын өткізді.
   15-16 сәуір күндері «Жаңа уақыт-жаңа мүмкіндіктер: жоғары оқу орындары кітапханаларындағы ғылыми және социологиялық зерттеулердің оқырмандарға қызмет көрсетудегі көмегі» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кітапхана қызметкерлерінің республикалық семинары болып өтті. Бұл форум еліміздегі 55 мемлекеттік жоғары оқу орындары кітапханалары директорлары мен бас мамандарының басын қосты.
   АҚШ елшілігінің өкілдері ТарМУ кітапханасын тұтас бір кітапханалық қормен – 8 мың дана оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен толықтырылуына көмек көрсеткен болатын. Осы тұста өткізілген ағылшын тіліндегі кітаптар бөлімнің ашылу рәсіміне америкалық меймандар – АҚШ елшілігі мен Spinqer, Ebsco баспаларының өкілдері Захарии Томас, Дагмар Лагинг, Сабине Tайхерт арнайы қатысты.
   Республикалық семинарды өткізу орны ретінде ТарМУ кітапханасы базасының таңдалуы  Ғылыми кітапхана тарихына енген үлкен тарихи сәт және де үлкен мәртебе. Халықаралық кітап күні қарсаңында өткен республикалық семинар – облыстық мәдени өміріндегі айрықша елеулі оқиға қатарына жатады.
Кітапхана директоры Ф.М. Мырзаханова Судак қаласында өткен ХІ Халықаралық «Крым-2004» конференциясына қатысып, онда «Жоғары оқу орындары кітапханаларында ақпараттық ресурстардың пайдалануы және оның даму болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
   «Кітапханалар және қазіргі заман ақпараттарына мүмкіндік» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
   «Жастар сарайы» 2 наурыз күні белгілі Ш. Мамасерікова мен айтыс ақыны А.Тұрсынбаеваның қатысуымен «Әйел ақын» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді                  1сәуірінен бастап М.Х.Дулати атындағы ТарМУ құрамынан Тараз мемлекеттік педагогикалық институттың бөлініп шығуына байланысты кітапхана құрылымындағы №2 абонемент, 2 кафедралық кітапхана, №1,4,11 оқу залдары, №2 көркем әдебиет бөлімдері кітап қорымен ТарМПИ-ның кітапханасына берілді.
   Кітапхана қызметкерлерінің штаттық бірлігі-51 болды.
 
2005 жыл
 
   Университеттің Халықаралық ИСО 9000-2001 сапа менеджментінің жүйесіне (СМЖ) көшуіне байланысты  қаңтар айынан бастап Ғылыми кітапхананың барлық құжаттары, атап айтқанда, Ғылыми кітапхананың Қағидасы, пайдалану ережесі,  бөлімдердің құжаттары осы жүйеге сай қайта өңделіп бекітілді, жұмыс нұсқаулары мен үрдіс схемалары жасалып бекітілді.
  2005 жылдың қыркүйек айында гидро кешенінің кітапханасындағы каталогтар залында оқырмандар үшін электронды каталогтың деректер қорына мүмкіндік беру мақсатында сервер арқылы жұмыс істейтін 5 компьютер қойылып, оған кітапхананың барлық деректер қорынан мәліметтер алуға мүмкіндік берілді.
   «Әлем тілдері факультетіне» қарасты оқу залынан  «Мерзімді басылымдар» залы  ашылды.
  15-19 маусым аралығында Ақтау қаласында өткен 2004 ж. 13 қаңтардағы №177 Жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Ұлттық мұраны оқырмандарға насихаттаудың тәрбиелік мәні» атты жоғары оқу орындарының кітапхана қызметкерлерінің Республикалық семинарға «Ежелгі және бүгінгі Тараз» атты мультимедиалық альбомы шығарылды.
    Облыс кітапханашылары үшін «Кітапханадағы кітап қорының ақпараттық қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы семинар ұйымдастырыды
   Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 42 кітап көрмесін ұйымдастырып, 37 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 кездесу кеші, 2 диспут, 2 ауызша журнал және  31 әңгіме  өткізілді.
 
2006 жыл
 
   ӘГҒФ  №1 оқу ғимаратының ішінен 7800 дана  кітап қорымен «Абонемент» бөлімі ашылды.
   Ф.М. Мырзаханова Сеул қаласында өткен ИФЛА-ның «Кітапхана: Әлемдік қауымдастықтың дамуының білім қозғаушы күші» атты Дүниежүзілік кітапханашылар мен ақпарат қызметкерлерінің 72-ші Конгресіне   қатысты.
   «Кітапхананың ақпараттық-кітапханалық қызметінің дәстүрлі және жаңа түрлері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
  Осы жылы кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарын жоспарлау мен мөлшерленген міндеттерден шығу мақсатында «Норма времени на основные библиотечные процессы, выполняемые научной библиотекой ТарГУ им. М.Х. Дулати» әзірленді.
  30-31 мамыр күндері Жамбыл политехникалық колледжінде Мектепке дейінгі және орта білім беру Департаменті, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және Жамбыл облысы әкімшілігі білім беру департаментімен бірлесіп «Кітапханашы мен оқырмандар ынтымақтастығы өзара ықпалдасу тиімділігі» тақырыбымен республикалық семинар өткізілді.
   Облыс кітапханашылары үшін «Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудегі дәстүрлі және жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар өткізілді.
Ғылыми кітапхана  2006- 2008 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы барысында білімнің 15 саласы бойынша  – 6375 дана әлемдік ғылыми ой-сананың мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерімен кітап қорын толықтырды. Мысалы: «Бабалар сөзі», «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Қазақстан тарихы туралы деректемелер», «Қазақстан суретшілері», «Қазақтың халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және т.б. құндылықтар.
   Оқырмандарға қолайлы болу үшін № 6.5 оқу залы және мерзімді басылымдар оқу залы, көлемі 470 ш.м., 150 оқырман орындыққа, абонементте кітап қорын сақтайтын және каталогтар үшін бөлмелер кеңейтілді.
  Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 54 кітап көрмесін ұйымдастырып, 30 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 2 кездесу кеші, 2 оқырман конфененциясы, 31 әңгіме, 1 диспут өткізді.
 
2007 жыл
 
   Ғылыми кітапхананың 2007-2010 жылдарға арналған даму Концепциясы жасалынды.
   Кітапхананың компьютелік технологиялар паркі 40%-ға жаңартылды.
   БЭРО қызметкерлері  2007 жыл қорытындысы бойынша «Кітапхана жұмысына жаңа инновациялық даму жобасын ұсынғаны үшін» номинациясын иеленді.
   «Кітапхана қызметінің әдістемелік қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы семинар өткізілді.
  «Оқырман қауым - бәсекеге қабілетті ел негізі» Халықаралық Оқу Конгресінде көтерілген жас ұрпаққа кітап оқыту, көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханашылар Ассоциясының бастамасымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы қыркүйекте елімізде алғашқы рет «Бір ел – бір кітап» акциясын  өткізуді жариялаған болатын. Оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас таныту бағытында көптеген іс-шаралар өткізілді, 5000-ға жуық  оқырман қатысты.
   «Сезім» отауының 5 жылдығына арнап және көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесіне арнап «Қыз- өмірдің қызғалдағы» атты әдеби- әуенді кеш өткізілді.
   Еуразия университетінің бастауымен 15 сәуір “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу”- ғашықтар күні деп жариялануына байланысты «Сезім» жастар отауында- «Махаббат - мәңгі ертегі» атты факультетаралық байқау өткізілді.
   Мәдени мұра құндылықтарын насихаттау мақсатында Ғылыми кітапханада 2007 жылдың маусым айында «Мәдени мұра – ұлы мақсаттың бастауы» тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бұл тұсаукесерде 500 томдық әлемдік ақыл-ойдың қымбат қазынасы ана тілімізде, сондай-ақ кітапханадағы 20 қазақ киносының сандық жүйеге көшірілген нұсқасының (компакт диск) кітапхана қорына келіп түскендігі туралы айтылғаны оқырмандар үшін де айрықша елеулі де маңызы бар оқиға.
   «Кітапхана қызметінің әдістемелік қамтамасыз етілуі» атты облыстық форум өтті.
  Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 65 кітап көрмесін ұйымдастырып, 38 библиографиялық шолу, 4 әдеби-әуенді кеш, 2 кездесу кеші, 3 оқырман конфененциясы, 24 әңгіме, 2 поэзиялық кеш, 1 дөңгелек стол, 1 байқау өткізді.
 
2008 жыл
 
   Кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова Канаданың Квебек қаласында өткен ИФЛА-ның «Шексіз кітапханалар: жаһандық бірігу бағыттары бойынша жетілдіру» атты 74-ші халықаралық конгресіне  қатысты.
  Елімізде екінші рет өткізілген «Бір ел - бір кітап» акциясына  жалпы оқуға Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесі таңдалып алынуына байланысты оқырман конференциясы өткізілді.
   Университеттің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана ұжымы кітап қорына жүргізілген ретроконверсия жұмысын аяқтады.
   Ғылыми кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана – білімнің биік белесі: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Ғылыми кітапханасы» атты кітап, фильм шығарылды.
  Үйлестіруші-әдістемелік орталыққа 10 жыл толуына орай, «Жоғары оқу орны кітапханалары: жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық кітапханашылар семинары өткізілді.
  Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 52 кітап көрмесін ұйымдастырып, 28 библиографиялық шолу, 1 әдеби-әуенді кеш,  3 оқырман конфененциясы, 18 әңгіме өткізді.
 
2009 жыл
 
   Кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханова Италияның Милан қаласында өткен ИФЛА-ның  «Кітапханалар - білімге қол жеткізудегі қозғаушы күш» атты 75-ші халықаралық Конгресіне қатысты.
   «Кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық жұмыс» атты аймақтық кітапханашылар семинары өткізілді.
   Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институтының  профессорлық-оқытушылар құрамына және  білімгерлер қаумына оқу процесіне көмек ретінде  №1 оқу залы ашылды.
   «Кітапхана 4.02» бағдарламасынан «Kazakh Soft» компаниясы жобалаған  «КАБИС»  (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі) бағдарламасына көшті. Кітапхана қорындағы кітаптар мен өзге де құжаттарға тапсырыс беру, оны жылдам іздестіруді жүзеге асыру http://ecat.tarsu.kz  электрондық каталогы арқылы орындалады. Жаңа түскен кітаптарға штрихкод қойыла бастады.
  Кітапханалық-ақпараттық орталық «КАБИС.Full» бағдарламасы негізінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электронды ресурстар қорын толықтырып, оқырмандарға жаңаша түрде - электронды қызмет көрсетуді ұйымдастырды.
   «Электронды оқырман картотекасы» ұйымдастырылып, оқырманның аты-жөні, факультеті, мамандығы, тобы және т.б. мәліметтер енгізіледі
   «Бір ел - бір кітап» ақциясына Мағжан Жұмабаевтың  «Жан сөзі» атты махаббат жырлары таңдап алынды. Осы акцияға орай «Сезім» отауы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналған поэзиялық кеш, «Батыр Баян» атты патриоттық поэмасы бойынша оқырмандар конференциясы өткізді. «Ой толқын» отауы  «Мен жастарға сенемін» атты мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырды.
   Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 68 кітап көрмесін ұйымдастырып, 40 библиографиялық шолу, 3 әдеби-әуенді кеш, 6 диспут, 2 тұсау кесер, 42 әңгіме, 1 поэзиялық кеш, 2 дөңгелек стол, 1 байқау,1талдау өткізді.
 
2010 жыл
 
   5 ақпаннан бастап, кітапхана директоры Ф.М.Мырзаханованың құрметті демалысқа шығуына байланысты М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Үйлестіруші-әдістемелік орталығының  (Ғылыми кітапхана) директоры қызметіне Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова тағайындалды.
   Тамыз айында Ғылыми кітапхана директоры Г.Ж.Иржанова Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғарғы оқу орны кітапханаларына арналған «Жоғарғы оқу орны кітапханалары электронды ақпараттық ортада» атты республикалық семинарына қатысып, «Жоғарғы оқу орны кітапханаларының инновациялық қызметіне жаңа көзқарас» тақырыбында  баяндама жасады.
   Төртінші рет өткізіліп отырған  «Бір ел-бір кітап» ақциясына Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты патриоттық  поэмасын жатқа айтудан  байқау, «Шеті мен шегі жоқ арман әлеміне мен мәңгілікке келдім» атты  ақынға арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
   22 қыркүйек Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының    Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерей тойына орай, кітапхананың «Ой толқын» отауы мен университеттің тәрбие бөлімі бірлесе отырып,  «Біртуар Бауыржан Момышұлы» атты шығармашылық кездесу кешін  өткізді.
   №3 мерзімді басылымдар оқу залы ашылды.
 16 сәуірде ТарМУ Ғылыми кітапханасы үйлестіруші-әдістемелік орталық ретінде Жамбыл облысы кітапханашыларына «Kazakh Soft» компаниясының директоры К.К.Мамбеталиевтің қатысуымен «КАБИС» бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.
  РМЭБ –(РЖОО)-ҚР жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасына www.rmeb.kz қосылды және ай сайын университет оқытушыларының дербес ғылыми жұмыстарын жіберіп отырды.
   ҚазҰЭК (КазНЭБ) -Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасының – www.kazneb.kz толық мәтінді деректер қоры ұсынылды.
   «Кітапханалар электрондық-ақпараттық ортада» атты аймақтық кітапханашылар семинары өтті.
  Ғылыми кітапхана өз оқырмандарына 63 кітап көрмесін ұйымдастырып, 27 библиографиялық шолу, 2 әдеби-әуенді кеш, 1 диспут, 1 кездесу, 1 оқырман конференциясы, 6 әңгіме, 1 поэзиялық кеш және 2 дөңгелек стол өткізді.