Wiley Online Library дерекқорын пайдалану бойынша вебинарларға шақырамыз!
тел: 8 (7262) 45 74 33
lib@dulaty.kz
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00
TikTok

Wiley Online Library дерекқорын пайдалану бойынша вебинарларға шақырамыз!

Құрметті оқытушылар, зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар!
 
   Сіздерді Wiley Online Library дерекқорын пайдалану бойынша вебинарлар сериясына қатысуға шақырамыз. Вебинарларға қатысушыларға сертификат  беріледі.
   Вебинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге арнайы уақыт қарастырылған.
   Вебинарлар бағдарламасы
  10 қыркүйек сағат 15:00 - Wiley Online Library платформасына кіріспе
  Вебинар барысында Wiley Online Library платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, ақпаратты іздеу және жүктеу, толық мәтінді журналдар мен ғылыми мақалаларды табу жолдары көрсетіледі.
 Іс-шара тілі: орыс тілі.
 14 қыркүйек сағат 15:00 - Кітапхана және баспа саласындағы өзекті үрдістер: ашық зерттеулер және жасанды интеллект (вебинар орыс тілінде)
  Негізгі тақырыптар:
  • ашық қолжетімділіктің даму үрдістері және кітапханалық қызметтер;
  • зерттеу ақпаратын іздеу мен ғылыми баспа ісінде жасанды интеллектіні қолдану;
  • ақпараттық сала мамандарына арналған болашақ стратегиялар.
   Вебинар ғылыми коммуникацияның цифрлық трансформациясы жағдайында жұмыс істейтін кітапханашыларға, баспа саласының мамандарына және зерттеушілерге арналған.
   Іс-шара тілі: орыс тілі.
   21 қыркүйек сағат 15:00 - Ашық қолжетімділік: неліктен барлық баспалар осы модельге көшуде?
   Вебинар барысында ашық қолжетімділік (Open Access) мәселелері қарастырылады. Ғалымдардың өз зерттеулерін ашық қолжетімділікте жариялауды неліктен таңдайтыны және мұндай жарияланым үлгісінің қандай артықшылықтар беретіні түсіндіріледі.
   Іс-шара тілі: орыс тілі.
   24 қыркүйек сағат 15:00 - Ғылыми мақаланы талдау (Wiley Online Library мысалында)
   Wiley Online Library (WOL) платформасында жарияланған мақала мысалында Wiley журналдарының портфолиосында дұрыс бағдарлау, редакторлардың назарын аударатын сапалы ғылыми мақала дайындау және рецензенттердің пікірлеріне тиімді жауап беру жолдары қарастырылады.
Сонымен қатар журналды дұрыс таңдау бойынша ұсынымдар беріліп, мақала дайындау барысында жиі кездесетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелерінің көрінуі мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді әдістер ұсынылады.
Бұл вебинар ғылыми мақала жариялауды алғаш рет жоспарлап жүрген авторларға да, өзінің жарияланымдық белсенділігін арттыруға ұмтылатын тәжірибелі зерттеушілерге де пайдалы болады. Қатысушылар әлемге танымал Wiley журналдарында мақала жариялау үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін практикалық құралдар мен арнайы ресурстар туралы ақпарат алады.
 Іс-шара тілі: орыс тілі.