Wanfang Data платформасына тестілік қолжетімділік ашылды
Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!
жас ғалымдар және студенттер!
Дулати университеті үшін Қытайдың жетекші ғылыми-ақпараттық платформаларының бірі - Wanfang Data ресурстарына 2026 жылғы 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін тестілік қолжетімділік ашылды.
Wanfang Data - ғылыми және академиялық ақпараттық ресурстарды ұсынатын Қытайдың ірі платформаларының бірі. Платформа Қытайдың Ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (ISTIC) байланысты және Қытай Халық Республикасының Ғылым және технологиялар министрлігі жүйесіне кіреді.
Wanfang Data платформасында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардан бастап жаратылыстану ғылымдары, медицина, инженерия және технология салаларына дейінгі түрлі ғылыми бағыттарды қамтитын ауқымды ақпараттық ресурстар ұсынылған.
Бірыңғай интерфейс арқылы пайдаланушылар келесі ресурстарға қол жеткізе алады:
- академиялық журналдар;
- диссертациялар;
- ғылыми конференциялар материалдары;
- заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттар;
- патенттер;
- ғылыми-техникалық жетістіктер туралы деректер;
- Қытайдың ғылыми дәйексөздер индексі.
Wanfang Data платформасына университеттің IP-мекенжайлары арқылы жеке тіркелусіз және авторизациясыз қол жеткізуге болады.
Платформа интерфейсінің ағылшын тіліндегі нұсқасы да қолжетімді. Егер интерфейс қытай тілінде ашылса, беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы тілді таңдау батырмасы арқылы ағылшын тіліне ауысуға болады.
Платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және қажетті ақпаратты іздеу үшін пайдаланушыларға арналған нұсқаулықпен танысуға болады.
Қосымша ақпарат пен консультациялық көмек алу үшін Дерекқорлар мен электрондық ресурстарды үйлестіру бөліміне хабарласыңыз:
2.1-211 кабинет
Тел.: +7 705 785 66 30
Электрондық пошта: library.dulaty@gmail.com
Тел.: +7 705 785 66 30
Электрондық пошта: library.dulaty@gmail.com
or Chineses version: https://www.wanfangdata.com.cn/
28 «тамыз» 2026
18